Қарағандылық ҚХА-ның өкілдері келелі ұсыныс айтты.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

27.04.2022, 09:39

2484

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы қарсаңында, облысы әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін осы ұйымның жергілікті жердегі өкілдерімен және этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті. Ашық алаң  сипатында өткен жүздесуде шараға қатысушылар еліміздің саяси, әлеуметтік- экономикалық ахуалын көтеруде Ассамблеяның  маңызы зор екенін айта келе, қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешуге  көңіл аудару керектігін ескертті. Атап айтқанда, атқарушы билік қарапайым мамандық иелерінің беделін көтеріп, жастарды жұмысшы мамандығына тартуға ынталандыру,  оларды мемлекеттік дәрежедегі марапатқа ұсынуды көбейтуді қолға алу керек деді. Тараптар айтқан тағы бір ұсыныс, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінде әкелердің абыройы мен ролін көтеруге назар аударатын уақыт келді. Ассамблея өкілдері орындаушыларға осы айтылған пікірлердің аяқасты қалмауын сұрады. Бұл- президент тапсырған «Жаңа Қазақстанды көтерудің» идеологиялық тармағы болуы шарт. Айтпақшы, елдік тұрғыдағы мәселені қаузағандар арасында жақында әкімдер сайлауында жаңа лауазымға отырған азаматтар да болды.

          Бұқараның көзі мен құлағына айналған әлеуметтік желіні мәдениеті төмен, білімі таяз жандар «ауыз өзімдікі» деген айқайшыл алаңға айналдырған. Жиында сөз алған Күнту Серікжан әлеуметтік желінің ролі жайында ой қозғап, пікірлер қайшылығына толы  ашық алаңды бейбіт мақсатқа айналдыруды сұрады.  Ал, достық пен келісімге үндейтін алқалы басқосуға арнайы  келген Назарбаев интеллектуалдық мектебінің  талантты оқушылары медицина және экология бағытында ашқан ғылыми жаңалықтарын көпшілікке көрсетті.  Кенен ой мен келелі пікір алмасқан кездесу барысында6 аймақ әкімі облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, «Жаңа Қазақстанды» құруға үлес қосып жүрген этномәдени бірлестіктердің төрағаларына алғыс хат тапсырып, ҚХА-ның кезекті сессиясына баратын делегаттарға сапарларының сәтті болуын тіледі.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01