Қарағандылықтар аза тұтты

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

10.01.2022, 12:36

1052

Қарағанды облысының тұрғындары, әкімдіктер және ресми ұйымдардардың өкілдері  бүгін Жалпыұлттық аза тұту шарасын өткізді. 

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңеске қатысушылар  қаскөйлердің кесірінен қаза тапқан ержүрек отан қорғаушыларды және еліміздің бейбіт тұрғындарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.  

— Осынау қиын-қыстау күндерде  облыстық барлық тұрғындары Сіздердің қайғы-қасіреттерімен бөліседі,-деп атап өткен аймақ әкімі Жеңіс Қасымбек, өңір халқы мен жергілікті атқарушы билік өкілдері атынан  шейіт болған қазақстандықтардың жақындарына көңіл айтты.

Елдегі лаңкестік әрекет кезінде бейбіт ел мен қастерлі отанымызды қорғау жолында полиция қызметкеріне жүктелген   міндет оңай болмай тұр. Соған қарамастан, облыстың полиция департаментінің қызметкерлері де, елдегі аза тұту рәсімін салтанатты жағдайда өткізді. Лаңкестік шабуыл барысында сегіз полиция қызметкері мен ҚР Ұлттық ұланның  әскери қызметшісінің жаны қиылды. Қарағандылық полицейлер  жер жастанған қаhарман  марқұмдардың рухын үнсіздікпен еске түсірді.

— Әріптестеріміз туралы естелік ішкі істер органдары  қызметкерлерінің және барша Қазақстан халқының жүрегінде мәңгі қалады. Біз, қылмыскерлерді құрықтап, олардың тиісті жазасын алу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз,-деді Қарағанды облысының коменданты Ерлан Файзуллин.

  Коменданттық тәртіпті бұзғандарға  шара бар. 

Облыста құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгінде аймақтағы елді мекендердің кіріп-шығатын аумақтарына бақылау бекеттері орнатылған. Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.  Бірақ, коменданттық сағат кезінде салғырттық танытқан тұрғындар ара-кідік кездескен.  Атап айтқанда, облыстың полиция қызметкерлері осы тәулікке дейін  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы, яғни «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 447 құқық бұзушылық фактісін анықтап, солардың 31 -ін әкімшілік қамауға алған.

Тегтер: митинг Жаңаөзен Алматы Ақтау Атырау Маңғыстау Қызылорда Қарағанды Орал газ көгілдір отын құқық қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38