Қарағандылықтар от шашудан опық жеуі мүмкін

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

31.12.2020, 10:44

853

Қарағандыда «фейрверктің» саудасы қызып тұр. Қаладағы базарлар мен сауда үйлерінің алдындағы  Қытайдың немесе басқа елдің отшашулардың бағасын бағамдап көрдік. Кеншілер шахарында кешелі-бүгіннен бері «Римские свечи» атты салюттің  1 данасы 11.000, «Ракета» отшашуы 13.000 теңгеге сатылып жатыр.  Көпшілікке етене таныс  дәстүрлі отшашудың түрі  6000 мың, түрлі-түсті  жарылғыш  пиротехника 2.900 теңгеге тұрады. Әдеттегідей, 31 -желтоқсанда фейрверктің құны  күрт шарықтайды. Тауарға сұраныс ұлғайса, саудагерлер өнімнің өзіндік нарқын 500 теңге бір-ақ секіртеді. Отшашудың құнының шатқаяқтап  кетуіне тұрғындардың өздері кінәлі. Әсіресе, кіріптар кісіге  көк тиынын ұстатпайтын «шықбермес Шығайбайлардың» фейрверке келгенде, жомарттығы ұстап кетеді. «Ұрыста тұрыс жоқ» дегендей, оны көрген қарапайым халықтың  да делебесі қозатынын  көріп жүрміз. Қарағанды қаласының тұрғыны Жомарт Әубәкіров: «Жаңа жылды отшашусыз қарсы алу ерсі секілді. Онсыз, мерекені елестету әсте мүмкін емес. Биыл да, дәстүрден жаңылмай бала-шағаммен отшашу атамын!- дейді.

Нәпақасын жалдамалы  жұмыстан  тауып жүрген Айдар Алпысов, көкейдегі қынжылысын жеткізді.

Осы айда табысым ұлғайса,  балаларыма отшашу алуға ақша  іркеймін деп ойлаған едім.  Бірақ,  қаржының қаттығы қолымды байлап тұр.   Біздің үйіміздің маңында екі кафе бар. Екі күннен бері, әйнектен кішкентайларыммен кафедегі меймандардың отшашуын қызықтадық»-дейді, жас әке.

-Аза бойды қаза қылатын отшашудың  ақырған үнін өшіретін бір адам болар ма, екен?  Өткен аптадан бері,  ойын-сауық орталықтарында    жаңа жылдық  кештер басталып, берекемізді қашырып тұр. Пиротехникалардан шыққан  жағымсыз ыс ауаны ластап жатыр. Денсаулыққа зиянын айтпағанда, жүйкеге әжептеуір салмақ салуда»-деп кейінді, зейнеткер Ажар Қабылова.

Осы жолы  инстраграм мен әлеуметтік желіде,  биыл фейрверк қолданғандарға айыппұл салынады екен  деген жұрттың   құлақтандырулары  желдей есті. Алайда, жауапты органдар бейресми ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Үкімет тарапынан нақты шешім қабылданбады. Полиция қызметкерлері  бүгін түс ауа отшашу қолданатындарға айып-пұл салынбайтынын мәлімдеді.   Білім беру мекемелері  оқушыларды қауіпті  әрекеттен сақтануды ескертуді мүлдем  естен шығарды. Сайып келгенде, «салютті» тұқыртуға біздің қоғам неге қауқарсыз?  Дабыл қағарлық деректер жылда жаңарып жатады. Былтыроблыста  салюттің кесірінен 20 ға жуық жерлесіміз  жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.  Ал, еліміздің  ең рі мегаполисі-Алматыда, фейрверктің ұшқынынан тілсіз жау тұтанып,  5 өрт оқиғасы орын алғаны есте. Осылайша, өзгелерге еліктейміз деп, сауатсыздыққа жол беріп жүрген жайымыз бар. Байыппен бағамдасақ, Қазақстандағы еркін қолданыстағы пиротехникалардың қауқарлы қарудан бір мысқыл да кем емес. Оны балалар батыл, ересектер еркін қолдануда. Бақсақ, әлемнің дамыған елдеріндегі  айтулы мерекелерде отшашуларды мемлекет яки, алпауыт компаниялар ұйымдастырып өткізеді. Себебі өркениетті сана жауапкершіліктің жүгі ауыр, қауіптің салдары зор  екенін жақсы түсінеді. Осыдан –ақ, фейрверктің қаншалықты зиянды екенін аңғару қиын емес. Бұл тұрғыда,  біздің тағы да, ұтылысымызкөп.

Тегтер: Жаңа жыл от шашу мереке ойын-сауық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 18:10
Шығыста «қосылғыштар» орын алмасып жатыр
Сайт әкімшілігі 12:19
Сегіз өңір "қызыл" аймаққа енді
Мариям МАҚСАТ 09:30
Ауылдағы ағайын ауызсуға жарымай отыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.01.2021, 11:30
Кітапқұмар қылмыскердің жазасы қысқаруы мүмкін
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 26.01.2021, 10:28
Шалқар көлін құтқару «операциясы» қашан басталады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.01.2021, 10:23
Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды

Аңдатпа


  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10