Қарағандыны қымбатшылық қысып барады

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

14.07.2021, 08:46

2055

        Өзге өңірлердегідей Қарағанды облысын да қымбатшылық қысып тұр. Оңтүстіктегідей емес, бұл жақта жаздың ортасында да жеміс-жидек пен көкөністің бағасы «удай» күйінде қала береді. Ал билік болса «бағаны тұрақтандырдық» деп мәз, олардың қолынан келетіні ­ – тұрақтандыру қорын құру. Ал бұл қордың жалпақ жұртқа пайдасы шамалы болып тұр.        Соңғы айларда өңірде жұрт көп қолданатын қажетті азық-түліктердің басым бөлігі қымбаттап кеткен. Ауыл шаруашылығы басқармасы бұл өнімдер өңірде шығарылмағандықтан, қымбаттап кетті деген ақпаратты «дәтке қуат» етіп отыр. Шенеуніктердің есебінше, былтырмен салыстырғанда қарақұмық 300 теңгеден 405 теңгеге, қант 158-ден 284 теңгеге көтерілген. Ал сұйық май тіпті шарықтап кеткен, оның бір литрінің бағасы былтырғы 325 теңгеден биыл 700 теңгеге бір-ақ аспандап кеткен. Бұл – шенеуніктердің есебі, алайда Қарағанды дүкендерінде баға одан да қымбат болып тұр. Бүгінде қанттың бағасы 305-310 теңге, сұйық май кейбір дүкендерде 800 теңгеге саудалануда. Ал өңірде осыдан бір ай бұрын картоп бағасы 400 теңгеге, сәбіздің бір келісі 600 теңгеге жеткен еді. Бүгінде картоптың бағасы 280-300 теңгеге түссе, сәбіздің бағасы 350-400 теңгеге түсіп, жұртты сәл де болса қуантқандай болды. Бірақ базарға барып, 1000 теңгеге екі келі картоп қана алу жұртқа оңай болмай тұр.       

­– Облыстағы тұрақтандыру қорында бүгінде 313 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер сақталуда. Жақын күндері 272 тонна қант жеткізіледі. Бұл азық-түліктер бағаны тұрақтандыру үшін тұрғындар көп шоғырланған қалалар мен аудандарға жіберіледі, – дейді ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Сырым Бошпанов. 

    Шенеуніктер шілденің соңына қарай жергілікті өнім өндірушілер көкөністерін саудаға шығарған соң, баға біршама тұрақталады деп сендіреді.«Ала жаздай Қарағандыда жеміс-жидек пен көкөніс бағасының түскенін көрген емеспін. Баға удай, билік болса тұрақтандыру қорына алдық деп жатады. Ол қор қай жерге өнім апаратынын білмеймін, бүкіл жерде қымбат. Бұрын осы қордан әлеуметтік дүкендерге апарады дейтін, алайда ол жерде арзан болғанымен, шіріп кеткен картоп болатын. Қазір тіпті әлеуметтік дүкендердің өзін ашқанның орнына жауып жатқан сияқты», – дейді Қарағанды тұрғыны Күләш Хамитова.       

  Осылайша халық айлығын наны мен қант-шайынан айыра алмай, өлместің күнін көріп келеді.

Тегтер: қымбатшылық баға инфлияция әлеуметік дүкен

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15