Қаратау ауыз сумен 83 пайызға қамтылады

Сайт әкімшілігі

18.11.2020, 15:43

145

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұловтың биылдың тоғыз айда атқарған жұмысы бойынша берген есебіне қарағанда, елді мекендердегі проблемалар шешімін тауып келеді.

Аудан бойынша қазір тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші   77 пайызы құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш тағы да жақсарады. Өйткені  Азат шағынауданы мен Тассай, Достық, Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталуға жақын. Аталған елді мекендердегі су нысандардың құрылысын жылдың соңында тапсыру жоспарланып отыр. Асар-2, Достық, Тұран шағынаудандарындағы ауыз су тарту жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Мұндағы жұмыстар жоспар бойынша келесі жылы аяқталады.

-Аталған елді мекендердегі  жұмыстар аяқталса, ауданда сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 83,5 пайызға жетеді,-дейді Абзал Әліқұлов.

Қаратауда тұрғын үйлердің 73,7 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биыл  Асар-2, Азат, Достық, Тұран шағынаудандарын табиғи газ жүйелерімен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен Тұран шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында магистральды газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша ол келесі жылы аяқталады.

Ендігі мәселе жекеменшік трансформаторларға қатысты. Қазіргі уақытта аудандағы трансформаторлардың 78,8 пайызы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен  мегаполисті жарықпен қамтамасыз ететін «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансында.  Ал, трансформаторлардың қалған 21,2 пайызы жекеменшік.  Дегенмен аудан әкімінің айтуынша, бұл мәселе алдағы жылдары толығымен шешімін табады. Шапырашты және Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.  Азат, Асар-2, Қайтпас шағынаудандары мен Тассай тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Ал Таскен тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының ескі электр жүйелері «Оңтүстік Жарық Транзит» кәсіпорнының  инвестициялық бағдарламасы аясында жаңартылып жатыр. Сонымен қатар, Асар-2 (2 кезең), Бозарық-2 шағын аудандары мен  Достық тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында жобалық сметалық құжаттар  әзірленген. Яғни, бұл елді мекендердегі жекеменшік жарық мәселесіне де  нүкте қойылады деген сөз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:23
Жолдың сапасы жақсарады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 07.05.2021, 09:09
Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 12:06
«Серпін» жобасы бойынша гранттардың 52% сұраныссыз қалды – Мәди Ахметов
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 06.05.2021, 11:56
Киік жайылымды құртып, шабындықты шаң қылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 06.05.2021, 09:27
Жедел жәрдем халыққа жәрдемін аямайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.05.2021, 11:37
Момышұлының соқпағымен

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56