16.11.2020, 09:51
2661
Кеше, кешкісін Сәтбаев қаласындағы саяжайда 6 жастағы бүлдіршінді ит талап өлтірді. Қаршадай қызды ата-анасы қала сыртындағы үйге жалғыз тастап, тысқа шығып кеткен. Қараусыз қалған балдырған аулаға шықса керек, сол екі ортада оған аш иттер шабуыл жасаған. Оқиға орынына алғашқы болып жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бүлдірішіннің өміріне араша тұра алмады. Дәрігерлер жеткенше балғын жан тапсырған.
Қазір аталған оқиғаға қатысты жедел-тергеу қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлері кішкентай жәбірлеушінің әке-шешесімен саяжайда тұратынын анықтады. Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс теркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Ит аулайтын ветиринарлық қызметке ұйғарым жіберілді. Құқық қорғаушылар баланың ата-анасын жауапқа тарту мәселесін талқылауда.
Облыс орталығындағы көшелерде осы күні топтап жүретін қараусыз иттер көбейіп кетті. Кезбе иттер қуыста көзіне түскен кез-келген жанды жарып жүруден тайсалмайтыны анық. Ал, бақылаушылар әрекетке бармай, әлдекімнен бұйрық күтумен отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР