Қазақстан цифрлық мемлекет болуға даяр ма?

Назерке АЙДЫНҒАЛИҚЫЗЫ

20.08.2021, 10:15

1196

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 қаулысымен 2017 жылғы 12 желтоқсанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама Қазақстан Республикасының экономикасын қарқынды дамытуды  және халықтың өмір сапасын жақсартуды, сонымен қатар болашақтың цифрлық экономикасына өтуді мақсат етті. Бүгінде «Цифрлық Қазақстан»  бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?

     «Цифрлық Қазақстан» негізгі төрт бағытты қамтиды. Соның алғашқысы –  ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Осы орайда, айта кетуіміз керек, былтыр әлемді пандемия жайлап, жаппай аймақтар карантинге жабылған кезде дәстүрлі оқу жүйесі қашықтан оқуға алмастырылды. Шеткері ауыл-аймақтың тұрғындары интернет тапшылығынан қиындық көрді. Мәліметтерге сүйенсек, былтыр 6500 ауылдың  тең жартысында интернет желісі әлсіз немесе мүлде жоқ екені анықталды. Оқушылар мен студенттер, тіпті кейбір мұғалімдердің өздері Zoom, Daryn Online, Bilimland.kz тектес платформаларға интернеттің әлсіздігінен тіркеле алмай, нәтижесінде біршама қиындықтар туындады. Әлеуметтік желілерден интернеті жоқ ауылдағы бүлдіршіндердің дала кезіп, тау-тастың үстіне шығып, сабақ оқып жүргендерін талай көрдік.

     Иә, пандемия Қазақстанның цифрлық мемлекет болуға дайын еместігін көрсетті. Елді індет жайлаған соң, мемлекеттің әр саласындағы олқылықтар көзге көріне бастады. Тек білім саласы ғана емес, әлеуметтік салалардың көп бөлігі онлайн жүйеге көшуге мәжбүр болды.

        Түркістан облысы Шыбышы ауылының тұрғыны Мұрат Жақсылықов:

«Ауылымызда интернет желісі жоқ. Оқу басталса балаларымызды көрші ауылға немесе қаладағы туыстарымыздың үйіне жіберуге тура келеді. Ұялы байланыс қызметі де, мобильді интернет жүйесі де тым нашар. Мені қойшы, балаларыма қиын болатын болды», – деп мұңын шақты.

      Мемлекетті цифрландыру – дамыған ел атану жолындағы басты құрал. Пандемияның әсерінен елдегі цифрландыру жүйесі қарқынды дамығаны өтірік емес. Биыл мемлекет жоғарыда көрсеткен олқылықтардың алдын алуға тырысып бағуда.

       Осы тұрғыда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Құрсай ауылының тұрғыны Мәлік Жұбанышов: «Былтыр елге қиын жағдай туғанда төрт қызымды үйден оқыту қиынға соқты. Интернеттің әлсіздігі бар, телефон тапшылығы бар, әупірімдеп оқу жылын аяқтағанбыз. Биыл, шүкір, ауылға интернет келді. Цифрлық жүйенің рақатын сезініп жатырмыз. Қашықтан оқыту жалғасатын жағдайда бүлдіршіндерім қиналмайтын болды», – деп, өзінің қуанышымен бөлісті.

       Пандемия мемлекеттегі цифрландыру үдерісін тездетті. Кейбір оқу орындары техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталды. Сондай-ақ білім басқармасы биыл оқушылар мен студенттер дәстүрлі форматта оқитынын хабарлады. Әр істің қайыры бар. Саналы ұрпақ өсіріп, сапалы мемлекет болуға жағдай жасалса ғана озық елдердің қатарына кіретін күн алыс болмас

Тегтер: цифрландыру Цифрлы Қазақстан пандемия мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49