Қазақстанда жасыл өсімге қол жеткізуге барлық мүмкіндік бар

Ерке ЖҰМАТАЙ

09.03.2022, 13:29

1051

2013 жылғы 30 мамырда елімізде мемлекеттің инновациялық іскерлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы» бекітілді.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев экономиканың басты бағыттарының бірі ретінде көгалдандыру мен қоршаған ортаны қорғау деп белгілеп, 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын бастаған болатын. Көміртегінің жұтылуын арттырып, шөлейттенуді тежеу мақсатында бес жылдың ішінде ормандарға 2 миллиардтан астам ағаш және елді мекендерге 15 миллион ағаш егу жөніндегі ауқымды жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Жоспар 28 тармақты қамтып, төрт бөлімнен тұрады: зерттеу, ғылым және білім, технологиялар, коммерцияландыру және жасыл қаржыландыру, ЖКСБ ілгерілету жөніндегі ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелер, ақпараттық ілгерілету.

Жоспардың жекелеген іс-шаралары бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде орталық органдар, әкімдіктер, мемлекеттік ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындары бекітілген. Аталған кеңес барысында жоспардың еліміздің экологиялық және климаттық күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізудегі рөліне, іс-шаралардың Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев қойған стратегиялық міндеттерге сәйкестігіне, сондай-ақ оны іс жүзінде іске асырудың маңыздылығына баса назар аударылмақ.

Аталған бағдарламада Қазақстанды жаңғыртудың әр стратегиясында елдің «жасыл» жолға көшуіне негізделген экономиканың орнықты да тиімді моделін құруға нақты бағдарлар айқындалды. Бүгінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Еуропа мен Азия елдерінің жетекші халықаралық ұйымдары мен зерттеу құрылымдарымен стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатуда, сондай-ақ, жасыл технологияларды трансферттеу мен енгізуде, Қазақстан бизнесіне құйылған халықаралық жасыл инвестициялар ағынының тиімді тетіктерін ұйымдастыруда, қазақстандық көміртегі бірлігінің айналымын буланатын газдардың жалпы әлемдік нарығына белсенді интеграциялауда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының қолданбалы жобаларымен айналысады.

Сонымен қатар, бүгінде Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру өзекті болып отыр. 2021-2030 жылдарға жоспарланған екінші кезең суды тиімді пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуға, оны кеңінен енгізуді ынталандыруға бағытталған ұлттық экономиканы қайта құру шараларын қамтиды. Бұл ретте, жасыл экономика жекелеген секторларды көгалдандыруға, жаңа дағдыларды дамытуға және технологияларды енгізуге прогрессивті тәсіл ұсына отырып, білімге негізделген экономикалық трансформацияны жеделдете алады.

Тегтер: жасыл экономика табыс нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01