Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Сайт әкімшілігі

11.08.2022, 10:22

2007

Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.«Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр жауады, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Найзағай, екпінді жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-шығысында дауыл тұрады. ҚР солтүстігінде түнде және ертеңгісін тұман күтіледі», — делінген хабарда.Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Күн күркірейді, бұршақ. Солтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +23+25.Алматыда құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, найзағай. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +28+30.Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +31+33.Қарағанды облысында солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз +23+28 (солтүстігінде +19), түнде +8+13 (оңтүстігінде +17)Ұлытау облысында күндіз +25+30, түнде +12+17.Ақмола облысында күндіз +23+28 (шығысында +19), түнде +10+15.Алматы облысында күндіз +27+32, түнде +15+20.Жетісу облысында күндіз +27+32, түнде +13+18.Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз +21+26 (оңтүстігінде +30), түнде +10+15 (оңтүстігніде +18).Абай облысында солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз +21+26 (оңтүстігінде +30), түнде +10+15 (оңтүстігінде +18).Павлодар облысында оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз +23+28 (оңтүстігінде +20), түнде +12+17.Жамбыл облысында таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз +27+32, түнде +15+20.Атырау облысында күндіз аптап ыстық күтіледі. Күндіз +34+39, түнде +20+25.Батыс Қазақстан облысында күндіз қатты ыстық болады. орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +18+23.Маңғыстау облысында күндіз солтүстік-шығысында аптап ыстық күтіледі. Күндіз +30+35 (солтүстік-шығысында +38), түнде +21+26 (солтүстік-шығысында +18).Ақтөбе облысында батысында аптап ыстық күтіледі. Күндіз +28+33 (батысында +36), түнде +15+20 (солтүстігінде +12).Қостанай облысында күндіз +27+32, түнде +13+18.Солтүстік Қазақстан облысында күндіз +23+28 (оңтүстігінде +20), түнде +12+17.Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +18+23 (солтүстігінде +15).Түркістан облысында оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +30+35, түнде +17+22.«Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы жекелеген тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, жекелеген таулы өзендерде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін», — деп ескертті синоптиктер.

Тегтер: ауа-райы болжам жол жабу көлік қозғалысы қауіпсізідік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41