Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігінде қар жауып, күн суытады

Сайт әкімшілігі

03.10.2020, 10:28

651

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт төмендеп, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. 

"Қазгидрометтің хабарлауынша, 4 қазанда Қостанай, 4-5 қазанда Солтүстік Қазақстан, 5 қазанда Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 4-5 қазанда күндіз ауа температурасы 2-7 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

5-6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 6 қазанда күндізауа температурасы плюс 2-7 градус дейін төмендейді.

5-6 қазанда Павлодар облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз 2-7 градусқа дейін төмендейді.

Нұр-Сұлтан қаласында 5 қазанда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы плюс 2-4 градусқа дейін төмендейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 20.10.2020, 10:51
Биотехнопаркті мақсат еткен Аэлита
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2020, 10:41
Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:17
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 20.10.2020, 10:13
Күштінікі – диірмен тартады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:05
Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38