Қазыбек биді қалпына келтіреміз, Қарқаралыда баспанасыздар мәселесі шешіледі

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

13.09.2021, 12:14

673

Қарқаралы ауданының Қазыбек би  ауылының (бұрынғы Егіндібұлақ ауданы)  тұрғындары облыс әкіміне бұқаралық спортты дамыту үшін спроттық кешендер қажеттігін сұрап бірнеше мәрте өтініш жолдаған. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ауылға арнайы сапармен барып, би баба атындағы елді мекенде өз тапсырмасымен салынып жатқан спорттық кешендердегі құрылыс жұмыстарын көзбен көріп қайтты. Мұнда қазір 100 адамға арналған бокс, күрес, фитнес, турбинасы бар дене шынықтыру және сауықтыру кешені тұрғызылуда. Аталған нысанды 2022-жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жекешелендіру тұсында тоз-тозы шыққан ауылды қайта қалпына келтіру шаралары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, «Ауыл-ел бесігі»  бағдарламасы аясында  көлік жолының 70 пайызы орташа деңгейдегі жөнделіп, асфальт төселді. Мердігерлер міндетті мінсіз атқарса,  инфрақұрылымды қазан айында жаңартып бітірмек.

Аудан орталығы- Қарақаралыда ұзындығы 40 шақырымды құрайтын «Жарлы-Қарқаралы» топтық су құрылысы басталды. Ауыз су тарту шаруасы 2023-жылы толық тәмамадалады. Қала орталығында төрт қабатты тұрғын үй салынып жатыр. Үй кезегінде тұрған 72 отбасы осы арадан жаңа пәтер алады. Ал, биылғы жылы аудандағы  әлеуметтік жағдайы төмен 108 жанұя жаңа шаңыраққа кіреді.

-«Мұның сыртында, Қарқаралыда Мемлекет басшысының  «бес әлеуметтік бастамасы» бойынша М. Әдекенов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінің жанынан 100 орындық жатақана салынуда. Жергілікті кластерді дамыту үшін жағалауды абаттандыру, экотуризмді дамыту мақсатында аумақтар бөлу жоспарлануда. Бұл өңірге туристерді  көптеп тарту үшін ең бастысы инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын жақсарту маңызды,-деп атап өтті облыс әкімі сапар барысында.

Жеңіс Қасымбек  сондай-ақ «Қарағанды-Қарқаралы» республикалық көлік жолын қалыпқа келтіру жөніндегі мәселені тиісті министрліктің қарауына жіберілгенін жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48