Қоқыстан арылмаған Қарағанды өңіріне күл-қоқыс полигоны қажет пе?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

24.11.2021, 11:35

281

       Қарағанды қаласына жақын орналасқан Курьяновский елді мекенінің тұрғындары дәл жандарына салынайын деп жатқан күл-қоқыс полигонына қарсы шығып, шу көтерді.

      Бұл ауылға екі кен орны жақын орналасқан және ескі күл-қоқыс полигоны мен қоқыс тастайтын алаң да бар. Енді осы өңірге 3-ші жылу энергоорталығы күл-қоқыс тастайтын жаңа полигонды салайын деп жатыр.  «Онсыз да жан-жағымызда кеніштер бар, ескі күл-қоқыс полигоны бар, солардан шыққан тозаңның өзі аппақ болып жатады, енді тағы бір полигон салса біз қалай таза ауа жұтамыз, малдарымыз қандай шөп жейді?  Егер мұндай полигон аса қажет болып тұрса, ауылдың жанына салмай, әрі қарай қашық жерге, иен далаға салсын», – деп ашынған өңір тұрғындары бейнеүндеу жариялап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан  көмек сұрады.

        Бұл күл-қоқыс полигоны Курьяновский ауылына 400 метрдей жерде салынбақшы. Тұрғындар «ескі полигоннан шығатын шаң-тозаң тіршілігімізге кері әсерін тигізді» деп зар илейді. Енді бұл азап аз болғандай, жаңа күл-қоқыс полигоны салынбақшы. Елді мекен тұрғындары бұл жерге күл-қоқыс полигоны салынатынын соңғы уақытта ғана естіп, наразы болған. Экология департаменті полигонды салайын деп отырған үшінші жылу энергоорталығының барлық мемлекеттік сараптамадан өткенін, әрі заң бұзбағанын айтады.

        Алайда экологиялық музей директоры, эколог Дмитрий Калмыков әуелден жобалық-сметалық құжатты дайындағанда ереже өрескел бұзылған деп отыр. «Біз тұрғындарға дұрысты ақпарат берілмей, олардың құқығы бұзылған деп есептейміз. Полигонды салу турасында өткізілген қоғамдық тыңдалу дұрыс өтпеген. Бізге тұрғындар тарапынан шағым түсті, сондықтан біз бұл шағымды тексеріс жүргізу қажет деген ұйғарыммен экология департаментіне жібердік», – деп мәлімдеді тұрғындар мен билік өкілдері бас қосқан жиналыста Дмитрий Калмыков.

       Үшінші жылу энергоорталығының басшылығы «заңды бұзып отырған жоқпыз, биліктегілер осы жерді таңдады, одан қашық жерден күл-қоқыс полигонын салу тиімсіз» деген пікірін білдірді. Жұрттың жанайқайына құлақ асқан тәрізді ыңғай танытқан қала билігі мән-жайды анықтап алғанша күл-қоқыс полигонының құрылысы уақытша тоқтайды деген ұйғарымға келді. Осылайша шенеуніктер әліптің артын байқап көрмекші.

Тегтер: экология заң айыппұл мәселе тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 16:35
Нұр-Сұлтанда 70 мектеп салынады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 03.12.2021, 14:24
Жалақысы 2 миллионға жуықтаған әкім
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 03.12.2021, 10:15
Кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.12.2021, 08:47
Советский, Карл Маркс, Полторацкий
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 17:01
Нұр-Сұлтанда мұқтаж жандарға 56 азық-түлік себеті таратылды (видео)
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 15:20
Түркістанда 40-тан астам полицей марапатталды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00