Қостанайда 11 отбасы баспанасыз қалды

Сайт әкімшілігі

10.05.2022, 06:43

913

Қостанайда тұрғын үй секторындағы өрттен бірнеше үйелмен зардап шекті. 

 Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 мамыр кешкі 17.23 шамасында Қостанай қаласы Набережная көшесіндегі тұрғын үй секторында өрт тұтанған. Әуелі қала шетінде Тобыл өзенінің бойында қамыс жанып, бір сәтте отқа оранған. Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңдағы үйлерге тарап, көше бойындағы жеке сектордың ауладағы құрылыстарын шарпыды. Өрт 1000 шаршы метр аумақты қамтып, өрттің салдарынан 11-ден астам тұрғын үй мен 6 шаруашылық құрылыс және 4 автокөлік (оның ішінде 2 жүк көлігі), сонымен қатар 2 тұрғын үй ішінара зардап шеккен. Жанған қамыстың аумағы 1,5 гектардан асты. Өртті сөндіруге күшті жел мен қою түтін, сондай-ақ бір-біріне жақын орналасқан тұрғын үйлер мен аула құрылыстары кедергі болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, Набережная көшесі бойынша 25 адам (оның ішінде 5 бала) эвакуацияланды.

Қостанай қаласының әкімдігі тұрғындарды қоныстандыру үшін «Достық» профилакторийінде уақытша пункт дайындады. Өрт 20:15-те ауыздықталып, 21:24-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД күш-құралдары жұмылдырылды (14 техника және жеке құрамнан 85 адам). Өрттің шығу себебі және залалы анықталып жатыр.

Тегтер: төтенше жағдай жоспар шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56