Қостанайда отадан кейін комаға түскен бала қайтыс болды

Сайт әкімшілігі

23.01.2023, 06:52

980

Бала 21 қаңтарда таңғы сағат 11.00 шамасында қайтыс болған. Қайғылы хабарды облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

«Жүргізіліп жатқан ем-домға қарамастан, операциядан кейін комаға түскен бала қайтыс болды. Медицина қызметкерлері, Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық балалар ауруханасының ұжымы баланың ата-анасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 15 желтоқсанда 4 балаға жоспарлы ота жасалған болатын. Барлығына да анестезия пайдаланылған. Ота сәтті өткен. Бірақ балалар екі сағаттан асса да есін жимаған. Ал бірнеше сағат өткен соң балалардың дене қызуы көтерілген.

Кешке қарай үш жасар Әмірдің тыныс алуы қиындап, оған бірден реанимациялық шаралар жасалған. Артынан жансақтау бөліміне түскен.Ата-аналар анестезияға реакция болуы мүмкін деген болжам жасады. Барлық инъекцияны бір ампуладан жасаған.

Әмірдің әкесі денсаулық сақтау басқармасына арыз түсіріп, прокуратураға шағым жазған.

Дәрінің сараптамасы әлі аяқталған жоқ. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, оны жаңа туған нәрестелерге де еккен. Бірақ бұған дейін мұндай реакция болмаған. Дәріні артығымен салу фдерегі де анықталмады.Әмір осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде жатып, есін жимай, кеше қайтыс болды.

Тегтер: медицина сын пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:26
Жамбылда университет жұмысшылары бас көтерді
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ 31.01.2023, 13:46
Шағын ауданның аты затына сай емес
Сайт әкімшілігі 31.01.2023, 09:46
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:24
ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:20
Төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 28.01.2023, 11:03
Маңғыстау мектептерінде білім сапасын арттыру бағдарламалары іске асуда

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28