Қызылордалық 100 тұрғын баспаналы болды

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

01.12.2020, 16:53

636

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында пәтер кезегіндегі қызылордалықтарға 50 пәтерлік екі үй берілді.

Соңғы жылдары аймақ қарқынды құрылыс алаңына айналды. Биылғы жылы облыста 1946 пәтерді құрайтын 94 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қызылорда қаласында жыл басынан бері 580 пәтерді құрайтын 13 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 680 пәтерді құрайтын 14 арендалық тұрғын үйде жақында пайдалануға берілмек.

Пәтер иелерін мерекемен және баспаналы болуымен облыс әкімі Г.Әбдіқалықова құттықтап, Қызылорда қаласын қарқынды құрылыс алаңына айналдырған Сыр құрылысшыларына алғысын білдірді.

— Бұл күн – Тәуелсіз еліміздің тарихындағы Тұңғыш Президентімізді айқындаған айтулы күн, халықтық мереке. Әр қазақстандықтың санасында Тәуелсіздік ұғымының бір баламасы болса, ол Елбасының биік есімімен тікелей байланысты. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Сыр елі де өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі пәтер иелерін қуаныштарымен және мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасы болып, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын, – деді облыс әкімі.

Пайдалануға берілген қос үйдің құрылысы былтырғы жылдың маусым айында басталған. Құны 1 млрд. теңге болатын жобаны «Авангард» ЖШС және «Дәнекер» ЖШС мердігер мекемелер жүзеге асырды. Пәтер кезегінде тұрғандар бқл үйді «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы алып отыр.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 1741 пәтерлік 38 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сырдария өзенінің сол жағалауында құрылысы жүргізіліп жатқан 725 пәтерлік 15 көпқабатты тұрғын үйдің 14-і ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. 2021 жылы СПМК-70 тұрғын ауданы бойынша 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.

Пәтер кілтін алып, жайлы баспанаға қол жеткізген қаладағы №144 мектеп мұғалімі Бибігүл Садықова алғысын білдірді. Одан бөлек қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев қуаныш иелерін құттықтап, ақ батасын берді.

Тегтер: баспана тұрғын үй мектеп аурухана халыққа қызмет көрсету

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15