"Рахат-Шымкент» өнімдері Еуропа мен Азия шығарылады

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 08:51

420

Шымкенттегі ірі кәсіпорындардың бірі «Рахат-Шымкент» фабрикасы қантты күлше шығаратын жаңа желісін іске қосты.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, «Рахат» АҚ басқарма төрағасы Константин Федорец қатысты.

Жоба құны 3,2 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2,6 млрд.теңге «Даму Өндіріс» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша алынған.

Аталған кәсіпорын өткен жылы сәуір айында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасында жасалған меморандумға сәйкес мармелад өндіретін жаңа желісін іске қосқан болатын.  Бүгінде фабрика 12 мың тонна қантты күлше және мармелад өндіреді.

Кәсіпорын заманауи құрал – жабдықтармен жабдықталған. Жоба аясында 130 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, 180 млн теңге субсидия берілді.

Мармелад, қантты күлше және басқа да кондитерлік өнімдері ТМД, Европа және Азия елдерінің нарығына шығарылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15