11.09.2020, 16:01
120
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы Арғынбеков және Өтегенов көшелерінің бойында сауда жасаушыларға рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
Рейдтік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев және аудандық жергілікті полиция қызметкерлері қатысып, 3 әкімшілік хаттама толтырылды. Саудагерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керектігі ескертілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР