Сәбилер өлімі азаймай тұр

Миуа БАЙНАЗАРОВА

08.01.2021, 09:27

1264

Қызылорда облысында 2020 жылдың 11 айы бойынша 1000 тірі туған сәбиге шаққанда нәресте өлімі 11,8 пайызға артқан. Өңірдегі сәби өлімі себебінің 63,5 пайызын перинаталды кезеңде дамитын аурулар құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда дәл осы себеппен нәресте өлімінің 33,6 пайызға өскенін көрсетеді.

Облыста туа біткен ауытқуларды  төмендету  мақсатында  75 перинаталдық консилиум өткізіліп, оған 12 815 әйел жіберілген. Оның  93-інен туа біткен ауытқулар анықталып, салдарынан 45 әйелдің жүктілігі үзілді. Ал 48 әйелдің жүктілік мерзімі ұзартылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде балалардағы туа біткен ауытқулар  өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға  төмендеген.

Сондай-ақ өңірде құрсақішілік ұрық өлімі былтырғымен салыстырғанда 12,4 пайызға артып отыр. Іштей ұрықтың шетінеуін алдын алу мақсатында облыс көлемінде үш акушер-гинеколог дайындалып, медициналық ұйымдарда 17 жанұяны жоспарлау кабинеттері жұмыс істеуде. Өңірдегі бес ауылдық жерге 11 акушер-гинеколог жолданып, мамандар тапшылығы 61 пайызға жойылған.

Ағымдағы жылы  балаларға көмек көрсету  үшін  202 санавиация арқылы шақыртулар тіркелген. Оның 99-ы пернеонатолог, 26 реаниматолог, 77 балалар мамандары. Облыстық  балалар ауруханасында  туа біткен ақаулар мен шала туған балаларға  мониторинг жүргізу мақсатында катанамнестикалық кабинет жұмыс істеп келеді. Жұмыс нәтижесінде 334 бала тексерістен өтіп, оның ішінде туа пайда болған ақаулары бар 146 сәби анықталған.

Тегтер: ана бала демография сәби өлімі мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15