Сәкен театрында «Қарагөз» қойылымы жаңа леппен сахналанды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

09.04.2022, 11:37

1506

Арқаның ақсарай театры атанған С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының 90-шы мерейтойлық маусымы сән-салтанатымен ашылды. Сахна қойылымын сағына күткен Қарағандылықтар сүйікті  театрына ынтыға асықты. Себебі,  театр ұжымы патша көңіл көрермендеріне тосын сый тарту етті. Өнер саңлақтары төл әдебиетіміздің інжу маржаны -Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» қойылымын заманауи сипатта сахналады.  Кемеңгер жазушының махаббат трагедиясын жергілікті сахна майталмандары Мәскеудің Вахтангов атындағы академиялық мемлекеттік театрының ұжымымен бірлесіп қойды. Спектакельдің режиссері- Ресейлік режиссер- Гүлназ Балпейісова.  Ол өзімен бірге жарық беруші, хореограф, музыкамен көркемдеуші және костюм суретшісін ала келген.

-Қарағандыға Сәкен театрының басшысы Құрман Қалымовтың шақыртуымен келдім. Ол маған екі жылдан бері шақырту ұсынды. Осы аралықта театр жетекшісінің тиянақтылығына тәнті болдым. Себебі, ол 3 ай бойы үздіксіз қажетті материалдармен қамтамасыз етіп тұрды. «Қарагөз»трагедиясын жібергенде қатты ойланып қалдым. Өзім классикалық шығармаларды ерекше ұнатамын. Артынан не бармасқа деген ой келді. Негізінен маған шақыртулар көп түсті. Бірақ, Қарағандыны таңдадым. Сәкен театры директорының табандылығы мен өнерге ерекше ілтифаты қатты толғандырды,-дейді  Ватангов атындағы академиялық мемлекеттік театрының режиссері Гүлназ Балпейісова.

«Қарагөз» трагедиясын Сәкен театрының шығармашылық ұжымы бұрын да сахналаған.  Қойылымды қала тұрғындары мен қонақтары екі күн тамашалады. Осы жолғы пьесаның жаңа леппен қайта сахналануы дүйім көрерменді таң қалдырды.

-Бірін-бірі ұнатқаннан басқа жазықтары жоқ Сырым мен Қарагөз ел алдында, ата дәстүр алдында ұятқа қалады. Бірі жынданып өліп, бірі сергелдең өмірдің күйін кешеді. Уақыт деген өлшемге бағынбайтын ғашықтар трагедиясын режиссер кешемен де, бүгінмен де үндестірген,- дейді қойылым жайында өз әсерімен бөліскен «Қазақстанның құрметті журналисі»-Сағат Батырхан.

-Сезім мен салттың таразыға түскен сәтін режиссер әдемі үйлестірген екен. Ұлы қаламгердің шығармасын бала кезде оқыған едім. Бір сәтте балалық шағым  еске түсіп әрі қойылымды көріп ерекше әсерге бөлендім,-дейді көрермен Гүлсім Бакирова.

         Трагедиялық шығарма қашанда көзі қарақты жұрт үшін өзектілігін жойылмаған. Айта кетерлігі, осы жолы да спектакельдің басты рөлдерінде және көпшілік сахнасында негізінен театрдың жас буын әртістері ойнады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 17:47
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.05.2022, 16:50
Қарағандылық шаруалар қауырт қимыл үстінде
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2022, 11:45
Отандық спортқа отандық бизнес демеуші
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2022, 17:11
Қайырымдылық қоғамға пайдалы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2022, 08:07
Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
Сайт әкімшілігі 10.05.2022, 06:43
Қостанайда 11 отбасы баспанасыз қалды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27