Салық төлеуден жалтарған кәсіпкер бес жылға сотталды

Сайт әкімшілігі

14.09.2020, 11:12

273

Алматы облысында салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды, 

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірқатар жалған компаниялардың басшысына қатысты салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді. Тергеу барысында бұл тұлғаның салық есептілігіне тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы жалған ақпаратты енгізу арқылы құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсеткені анықталды. Осылайша, ол салық салу объектілерін және басқа төлемдерді жасырып, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы бірқатар ұйымдар атынан бюджетке салық төлеуден жалтарған.

«Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде бюджетке өтелмеген салықтар және міндетті төлемдер түрінде мемлекетке 1 млрд 635 млн. теңге сомасына материалдық залал келтірілді. Сот үкіміне сәйкес күдікті ҚР ҚК 245-б. 3-б. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылып, оған 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ басқа ұйымдарда лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:55
Шымкенттік жас ғалым ғаламат технология ойлап тапты
Сайт әкімшілігі 14:44
Кавасакимен ауырған бала жоқ
Сайт әкімшілігі 14:37
Қоқыс мәселесі шешімін табуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:28
Қарағандыда тағы да төрт елді мекенде құс тұмауы бар деген жормал жасалды
Сайт әкімшілігі 09:57
Павлодар облысында 9 оқушыдан коронавирус анықталды
Сайт әкімшілігі 27.09.2020, 15:39
Шымкенттің ирригация жүйелері жаңаруда

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43