Сапарбаев: Індеттің екінші толқынына дайындық жұмысы жіті назарда

Сайт әкімшілігі

06.12.2020, 20:47

553

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы брифинг барысында коронавирус індетінің болжамды екінші толқынына дайындық барысын сөз етіп, індеттің екінші толқынына дайындық жұмысы жіті назарда екенін жеткізді.– Коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары басты басымдықтарымыздың бірі.Жалпы пандемиямен күреске 11,1 миллиард теңге бөлініп отыр. Атап айтсақ медициналық мекемелерді жабдықтауға 4,7 миллиард теңге қарастырылса, оған 55 жедел жәрдем көлігі, 4 КТ, 97 ӨЖА, 2 ЭКО аппараты алынып, 100 көпбейінді және реанимациялық төсек және 4 ауруханаға оттегі стансалары орнатылды.Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында дәрігерлерге шалғай ауылдарға жетуге көмектесетін 8 мобильді емхана республикадан бөлінді.КВИ-мен күреске тартылған 4 мыңға жуық медицина қызметкеріне 3,4 миллиард теңге сомасында үстемеақы төленді.Тараз қалалық перинаталды орталық және Т.Рысқұлов ауданындағы өкпе ауруы диспансері жұқпалы ауруханаға қайта бейімделіп, төсек қоры 350 орынға жеткізілді.Жалпы облыс бойынша 4,5 мың инфекциялық, сондай-ақ 450 реанимациялық төсек жабдықталған. 7 мың медицина қызметкері сақадай сай дайын отыр. Бұдан бөлек 280 дәрігердің резервісі бар.Бірыңғай дистрибьютормен облыстық медициналық ұйымдарға 11,8 миллиард теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілді. Сонымен қатар тұрақтандыру қорында 730 миллион теңгеге коронавирусты емдеуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры қалыптастырылды.COVID-19 коронавирустық індетпен ауырған пациенттерге арналған 120 төсектік оңалту орталығы ашылса, онда науқастарды оңалту және медициналық оңалту бөлімшелері жұмыс істеуде. Орталық 2,1 миллиард теңгеге заманауи медициналық техникалар мен оңалту құралдарымен жабдықталды.2021 жылы 12 мыңға жуық медицина қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға артатын болса, бұл мақсатқа 6 миллиард теңге қарастырылған.Облыста биыл 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және 92 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Есепті кезеңде 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 76 алаңша қолданысқа берілді. Нәтижесінде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халық үлесі 32 пайызды құрады, – деді Б.Сапарбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11