Сарыағаш тәжірие алмасу алаңына айналады

Сайт әкімшілігі

03.04.2021, 21:30

556

Түркістан облысындағы барлық жылыжайлардың 35 пайызы орналасқан Сарығаш ауданы – тәжірибе алмасу алаңына айналады.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұнда жыл 12 ай бойы жылыжайдан өнім алудың қыр-сырымен бөлісетін арнайы демостанция салынуда. Қазіргі таңда екі гектар аумақтағы тәжірибе жасайтын жылыжай  кешенінің құрылысы аяқталған. Алдағы уақытта оның көлемі екі есе артпақ.

Мұнда студенттер мен фермелердің тәжірибе алмасу орталығы мен жер, топырақ құрамына талдау жасайтын зертхана салынатын болады. Голландия селекциялық компаниясының және «Риик Зван Оңтүстік» ЖШС-нің инвестициясымен жалпы көлемі 4 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай және тәжірибе станциясы ашылады. Теңдесі жоқ жобаның негізгі мақсаты – егін шаруашылығы саласында студенттер мен фермерлердің тәжірибе алмасу және жаңа технологиялар енгізу. Жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

«Nur Otan» партиясының жол картасы аясында 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылыжайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жылыжай және тәжірибе станциясы жыл соңында іске қосылады. Құрылыс барысы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтің бақылауында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17