Сәтбаевтағы сергелдең: Халықты тонаған қарақшылар кімдер?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

12.01.2021, 10:14

985

Айдың-күннің аманында Сәтбаев қаласының  «Весовая»  және «Крестовский»  елдімекенінің  тұрғындары   беймәлім қаскөйлердің  «лаңкестік»  әрекеттіне тап болды.  Бейнелеп  айтқанда, жұрт жұмыста болған уақытта қарақшы  қылмыскерлер есігінде құлып тұрған  үйге баса-көктеп кіріп өртеп кеткен.

— Мені бұл арадан қысым жасап көшірмекші. Әкімдіктегілер маған  Сәтбаевтан 1 бөлмелі пәтер ұсынды. Өзімнің тұрып жатқан үйім 3 бөлмелі. Аядай бір бөлмелі пәтер  отбасыма таршылық  етеді. Ақыр- аяғы ұсыныстан бас тартуымның соңы  қара шаңырағымның қара күлге  айналуымен аяқталды. Мынадай ақ қар, көк мұзда далада қалдық, -деп, көз жасын көлдей төкті, Крестовский тұрғыны Николай Случик.  «Весовая» елдімекенінің  тұрғындары да дәл осындай кейіпке енген. Мұндағылардың айтуынша, әкімдік олардан  жақын арада елдімекенді босатуды сұраған. Көп ұзамай,  осындай  «тосынсый»  орын алған.  Орын алған жағдайдың себебін сұраған журналистерге  Сәтбаев қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер нақты жауап қайтармады. Тек бір тұрғынның басындағы жағдайды көлденең тартып, жауапкершіліктен құтылуға асығып,  қулыққа басты.  Ресми өкілдегілер  «Крестовскийде»   тұратын Сағымбаеваға Сәтбаевтан 2 бөлмелі пәтер берілгенін айтты. Алайда, елдімекен тұрғыны  оны азсынып, бас тартқан. Қазір  «қиын клиентпен»  жергілікті әкімдіктегілер келіссөз жүргізіліп жатқан көрінеді. 

Айта кеткен жөн, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының маңындағы  аталған  елдімекендердің жерастында жатқан  пайдалы қазбаларды өндіру мақсатында,  бұдан 9 жыл бұрын  кешенді даму жоспары құрылған еді. Сол кезде,  облыс әкімдігі  осынау жоспарды игеруге  ел қазынасынан 35 миллиардтан астам қаржы қарастырылғанын  жеткізген болатын.

Сәтбаевтағы оқиға  «Агата Кристидің»  детиктивтерінен  бір мысқыл да кем емес.  Сонда, бір тайпалы елді еңіретіп отырған қаскөйлер кімдер?  Әзірге, бұл мәселе басы ашық күйінде қалып отыр. Бірақ, жазықсыз жұртты ұлардай шулатып отырған қанаушылар жазаға  тартылуы керек. Тасада тұрғандар құтылып кетпесе, тәйірі...

Тегтер: қылмыс ұрлық полиция заңсыздық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11