Сауыншы депутат уәдесін орындады

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

22.02.2021, 17:09

999

Нұра ауданының  Қантай ауылында тұратын 76 жастағы  Ғалия Балтабайқызы ата-анасынан ерте айырылып, жетімдіктің зардабын тартқан жан. Тағдыр жолының ауырлығына байланысты 17 жастан еңбекке араласты. Өмірінің қайратты кезінен қарттық шаққа дейін  туған кеңшарында сауыншы болып жұмыс істеді. Ол кезде зеңгі баба тұқымын қазіргідей автоматтандырылған жүйемен емес, қолмен сауатын. Табанды қыз бір өзі күніне отыз сиырдан  350 литр сүт алып, рекорд орнатқан. Осылайша өз ісін ұршықтай үйірген Ғалияға  асау құнажындарды қатарға қосу міндеті қосымша  жүктелген. Нәзік жан бұл тапсырманы да тиянақты атқарды.  

— Ол кезде асау құнажындарды бұрышқа тіреп қойып сауатын едім. Осы әдісімнің арқасында жас төлдерді жылдам жуасыттым. Басқа келіншектер сескеніп,  төлдің аяғын байлап әуреленіп жатушы еді- дейді, Қантай ауылының үздік суыншысы.     

 Қаршадай қыз  қара жұмысты  жанын салып істеді. Берілген межені артығымен орындады. Озат сауыншының еңбегі еленді. Кеңшар басшылары кеудесіне «Еңбек  Қызыл Ту» орденін қадады. Елгезек жанның қарымы мен қабілетін  елеген ел   Қарағанды облысының депутаты етіп сайлады. Ол бұл мандатты қалтықсыз атқарды. Жұмысшы қауымының  тұрмысын оңалтып, халық мүддесін шешу жолында  белсенділік танытты. Қарашаның сеніміне ие болған қайсар сауыншы  сайлаушылары одан әрі,  КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына қалап өткізді.  Ауыр жұмыстан абырой тапқан халық қалаулысы Қайнар ауылында жол салдырды, Көбетей және  Чкалов елді мекенінде мәдениет үйінің бой көтеруіне ұйтқы болды.

— Бізді халық сайлады. Демек, халықтың аманатын арқалаған соң, елдің өтінішін орындау ар алдындағы міндетім деп санадым. Сол уәдемде тұрдым. Егер   мәселе кешеуілдеп орындалмай жатса,  далаға шығып елдің бетіне көрінуге ұялатын едік. Әлі есімде, обкомдағы  жауапты қызметкерлер қынашақтай болып, қамалды  алмай қоймайсың деп қалжыңдайтын еді.

Кеңес кезеңіндегі депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігі осындай болды. Ал, қазіргілер ше?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48