13.01.2021, 11:00
1444
Есірткіге елітіп мас болған ер адам көп қабатты үйдің тұрғындарын шошытты.
Шахтинск қаласында 11 қаңтарда есірткі тұтынған ер адам өз үйіндегі газ плитасының барлық оттығын қосып қойып, үйді жарып жіберемін деп қорқытқан. Оның пәтері бес қабатты үйдің бірінші қабатында болған. Үрейленген тұрғындар полиция мен өрт сөндірушілерге хабар берген. Өрт сөндіру қызметі келгенде бүкіл үйге газдың тарап кеткені анықталған. Өрт сөндірушілер сол подьездегі барлық тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған. Құтқарушылар полиция қызметі мен бірлесіп терезені сыртынан ашып кіріп, тұрғынды қолға түсірген. Дереу арада өрт сөндірушілер газдың редукторын сөндіріп, пәтерді және подьезді желдеткен. Бес қабатты үйді жарып жіберу қаупін төндірген ер адамды оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметіне тапсырған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР