«Шаңырақ» орталығы отбасыларға көмек көрсетеді

Сайт әкімшілігі

19.09.2020, 14:31

261

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталыққа арнайы ғимарат бөлініп, ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім» орталығының жанынан «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы секторы құрылып, қазіргі таңда халыққа өз қызметін жаңа үлгіде ұсынуда.

Орталықтың басты мақсаты — аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру. Яғни, енді аз қамтылған отбасылардың өмір сапасы жақсарып, көп балалы аналар қиын жағдайлардан осы орталықпен бірге шығатын болады. Бұл жерде кеңес беруден бөлек, аналардың түрлі бағыттар бойынша сауаттылығын арттыру көзделген. Әр түрлі тақырыптағы семинар, тренингтер, шеберлік сағаттары өткізілетін болады.

Орталықтың жұмысы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының тәжірибесін негізге ала отырып ұйымдастырылған.

Отбасы күніне орай ашылып отырған ғимараттың жұмысымен танысқан Мұрат Әйтенов өз құттықтауын жеткізді.

—Мемлекетіміздің ең басты мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын жақсарту. Бүгінгі таңда экономикалық өсімнің арқасында әлеуметтік төлемдердің мөлшері көбейіп, отандық білім берудің деңгейі өсіп келеді. Қазір қаламыз да күннен күнге көркейіп келеді. Демографиялық көрсеткішіміз артып, тұрғындардың саны 1 миллионнан асты. Күн сайын қаламызда шамамен 70-80 сәби дүниеге келеді. Мереке қарсаңында орталыққа арнайы ғимарат беріліп отыр. Мұнда әкімдікке қарасты басқармалардың мамандары сұранысқа сәйкес кесте бойынша азаматтарға кеңес береді, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта өтсек, Шымкент қаласында көпбалалы 38 148 отбасы бар. Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар – 26 435 болса, оның ішінде көпбалалы отбасылар саны — 9 428.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 20.10.2020, 10:51
Биотехнопаркті мақсат еткен Аэлита
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2020, 10:41
Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:17
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 20.10.2020, 10:13
Күштінікі – диірмен тартады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:05
Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38