Шардарада 12 мың гектар жер суландырылады

Сайт әкімшілігі

22.04.2021, 12:27

80

Жуырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданына жұмыс сапары барысында өңірдегі маңызды жобалардың бірі — Жаушықұм алқабын суландырумен танысты. Шаруалармен кездескен облыс басшысы облыста аумағында жаңадан айналымға қосылатын суармалы жерлердің арттыруына аса мән берілетінін айтты. Аймақ басшысы Жаушықұм массивіндегі 12 мың гектардан астам алаңдағы су таратқыш және сорғы станциясын қайта құру жобасын пысықтады. Суармалы жердің қосылуы нәтижесінде 2,5 мың га жерге көкөніс, 2 мыңдай гектарға картоп, 3 мың гектардан астам жерге бақша, мың гектардан астам алқапқа сүрлемдік жүгері, 3 мың га аса жерге жоңышқа егіліп, жыл сайын 11 млрд. теңгеге 523 мың тонна көлемінде азық — түлік және мал азықтық өнімдері өндірілетін болады. Сонымен қатар 12500 адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады. Аталған мәселе министрлік тарапынан қолдауды қажет етеді.

«Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл-аймақтың әлеуеті арта түсуде. Түркістан облысы аграрлық аймақ саналатындықтан және ауыл шаруашылығының болашағы жердің сапасы мен құнарлығына тікелей байланысты болғандықтан, аталған мәселені шешу маңызды», — деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімімен кездескен ауыл диқандары екі айда пісетін қарбыз бен болгар бұрышын еккен. Шаруалар 1 гектардан 1,5 млн теңгеге дейін табыс табатындарын айтты. Соңғы жылдары ауданда күріш өсіру қолға алынған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:49
Сенаторлар ауылдарды аралап жүр
Сайт әкімшілігі 10:44
Несібесін «Еңбектен» тапқан кәсіпкер
Миуа БАЙНАЗАРОВА 13.05.2021, 18:17
Қамбаштан бақ тайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 13.05.2021, 15:49
Сұлулық қуғандар жер сипап қалды
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13.05.2021, 14:40
Бордақы малдан жем қымбат
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 10:46
"Hayat-vax" вакцинасы Түркістанға жеткізілді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06