Шет ауданында мал қырылуда

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

16.06.2022, 13:30

2342

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ақшоқы ауылында ірі қара белгісіз сырқатты жұқтырып арам өліп жатыр. Ветеринарлар сиырда инфекциялық сипаттағы ауру белгілері байқалғанын мәлімдеді.

Сырқат таралған Ақшоқы ауылында соңғы дерек бойынша 260 бас сиыр індет жұқтырып, 82 бас сиыр өлген. Өлген ірі-қараның ішінде басым бөлігі бұзаулар болып шықты. Ірі-қараны сұлатқан қандай кесел екенін анықтау мақсатында ветеринарлар сынамалар алып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің республикалық ветеринариялық зертханасына жіберді.«Малдың өлекселері инсинератор арқылы өртеу жолымен жойылды. Жою жұмыстары ауылдық округке тиесілі ескі мал қорымының аумағында, мүдделі мемлекеттік органдардың, аудандық ветеринариялық станса мамандарының қатысуымен жүргізілді. Мал дәрігерлері мал иелерімен бірлесіп, ауырған жануарларға симптоматикалық емдеу шараларын жүргізуде», – деп хабарлады Қарағанды облысының ветеринария басқармасы.Ақшоқы ауылының кіреберісіне дезинфекция жасайтын қондырғысы бар бекет орнатылған. Ветеринарлар індет жұқтырған малдардың ауруға қарсы қолданылатын вакцинамен егілмегенін айтады. Вакцина Ресей мен Украинадан жеткізілетіндіктен, қазіргі уақытта дәрі-дәрмекті тасымалдау тоқтап тұр. Бұған екі ел арасындағы шиеленіскен соғыс жағдайы себеп болып отыр. Ал мұндай екпені елімізде өндірмейді.  Осылайша, көрші елдегі соғыс адам түгілі малға да кесапатын тигізіп тұр.

Тегтер: төтенше жағдай жоспар шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 01.07.2022, 10:38
«Әулиеата жастарына» құжат қабылдау басталды
Б.ЕРНАЗАР 01.07.2022, 09:21
Иірімге түскендер табылмай жатыр
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 01.07.2022, 06:49
Жергілікті биліктен күдер үзіп отыр
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 29.06.2022, 11:50
Өзбек су бермесе, қазақ күрішсіз қала ма?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.06.2022, 10:00
Абылай аспас Сарыбел
Сайт әкімшілігі 23.06.2022, 11:44
Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде

Аңдатпа


  • Бибісара МАТ қойды!
    30.06.2022, 08:37
  • Ажалға апарған адал еңбек
    30.06.2022, 08:26
  • Үкіметке қымбатшылығың «бес тиын»
    29.06.2022, 08:34
  • Әкімдердің қауқары жетпей ме?
    29.06.2022, 08:30
  • Орыс мектептерін қаржыландыру – Ресейге қызмет ету
    29.06.2022, 08:39