Шетелдіктерге ақысыз гид қызмет көрсетеді

Сайт әкімшілігі

18.09.2020, 14:09

56

Шымкентте  туристер үшін бірнеше ақпараттық киоскілер орнатылып, жұмысын бастаған еді. Мамыр айында Арбат, Абай саябағы, Жайлаукөл, Тәуелсіздік және Орталық саябақтарда, сонымен қатар Теміржол вокзалы мен әуежайларда арнайы кеңес беру орталықтар ашылды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының хабарлауынша, бүгінде 7 киоскіде үш тілді меңгерген, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Шаһарға келген туристер саябақ маңындағы киоскілерден қаланың туристік картасымен танысып, қандай ерекше, таңдаулы жерлер бар екенін біле алады. Сондай-ақ, кеңес беруші мамандар шетелден келген қонақтарға ақысыз гид қызметін көрсетуде.

Карантиндік режим кезінде онлайн форматта қызмет көрсеткен мамандар бүгінде сәрсенбі-жексенбі күндері таңғы 9:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Қазіргі таңда киоскілерден кеңес алушы туристер ақпараттың пайдалы болғанын айтып, өз ризашылықтарын білдіруде.

Жалпы статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінге дейін туризм басқармасының ақпараттық киоскілеріне 1200-ден аса қазақстандық және шетелдік туристер қызығушылық танытып, кеңес алған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 20.10.2020, 10:51
Биотехнопаркті мақсат еткен Аэлита
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2020, 10:41
Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:17
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 20.10.2020, 10:13
Күштінікі – диірмен тартады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:05
Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38