Шитті мақта-320 мың теңге

Сайт әкімшілігі

10.11.2021, 10:55

84

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 9 айда 635,2 млрд теңгеге жетті. Бұл республикадағы табыстың 12 пайызын құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Оның сөзінше, биыл ауа-райы ауыл шаруашылығына қолайсыз болғандығына қарамастан агроөнекәсіп кешенінің дамуы тұрақтылығын сақтаған.

«Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 42,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артқан. Жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектарға орналастырылған. Оның 237,9 мың гектарына — астық егіліп, 241,2 мың тонна өнім қамбаға құйылды», – деді Н.Бадырақов.

Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің түсімділігі орташа 20 центнерге өсіп, 3,3 млн тонна өнім жиналды. Ал ағымдағы жылдың 9 айында мақта дақылынан 281 мың тонна өнім алынды. Биылғы жылы 18 мақта өңдеу зауыттарының 206 мақта қабылдау бекеттері арқылы 1 тонна шитті мақтаны 320 мың теңге бағада қабылдауда. Баға өткен жылмен салыстырғанда 150 мың теңгеге артқан.

Сондай-ақ, басқарма басшысы мал азықтық қорды қамтамасыз ету тұрақты бақылауға алынып, нәтижесінде 4,2 млн тонна мал азығы дайындалғанын жеткізді. Бұл облыстағы мал басына қажеттіліктің 108 пайызын қамтамасыз етеді.

Өңірде 105,3 гектарға жылыжай салынып, жалпы көлемі 1 437 гектарды құрады. Бүгінге дейін жылыжайлардан жалпы 145,1 мың тонна өнім өндірілген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30