Шөкеев онлайн қабылдады

Сайт әкімшілігі

16.02.2021, 18:46

132

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Ашық әкімдік» алаңында жеке азаматтарды онлайн қабылдады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімнің жеке қабылдауына өз мәселесімен 10-нан астам азамат қатысты. Облыс басшысының қабылдауына жазылған азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Аймақ басшысынан тұрақты жұмыс табуда көмек көрсетуін сұрағандар да болды.  Атап айтсақ, Келес ауданы Көкбұлақ елді мекенінің тұрғыны Әлия Жангелдиева ауылдағы көшелердің күрделі жөндеуден өтуі бойынша сауал қойды. Ауыл ішіндегі жолдың сметалық құжаттамасы өткен жылы әзірленген. Биыл жергілікті бюджетке енгізілді. Жол жыл соңына дейін толық жөндеуден өтеді. Әкім қабылдауында болған Арыс қаласының тұрғыны сирек кездесетін целиакия диагнозымен ауыратын егіз балаларына глютенсіз тағамдарын алуға облыс тарапынан көмек көрсетуін сұрады. Облыс бойынша осы дертке шалдыққан 60-тан аса бала тіркелген. Өмірзақ Естайұлы наурыз айында өтетін Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына мүгедек балаларға целиакия ауруы бойынша жергілікті бюджет есебінен глютенсіз тағам алуға ұсыныс дайындалатынын жеткізді. Түркістан қаласының тұрғыны Елтай Бимахамбетов Түркістан қаласында Қазыбек биге ескерткіш орнату мәселесін көтерді. Облыс әкімі мұндай мәселенің тікелей Мәдениет және спорт министрлігінің «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидалары» бұйрығына сәйкес іске асырылатынын түсіндірді.

«Мұндай мәселелерге біз өте мұқият қараймыз. Талаппен қараймыз. Оның өз тәртібі бар. Заң талаптарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қажетті құжаттарды ұсынады. Сосын облыстық мәдениет басқармасы тиісті құжаттарды жинақтап, министрлік жанынан құрылған арнайы комиссияға ұсынады. Комиссияның қорытындысымен мақұлданған жағдайда, ескерткішті орнату мәселесі қарастырылатын болады», — деді облыс әкімі.

Ал, Отырар ауданындағы Көкмардан ауылының тұрғыны Қуат Расиллаев жаз мезгілінде болатын ағын су тапшылығы туралы мәселе көтерді.

Өмірзақ Шөкеев түркістандықтардың ұсыныс — шағымдарын жеке бақылауына алып, жауапты тұлғаларға әр азаматтың мәселесін жіті талдап, қысқа мерзімде заң аясында шешуді тапсырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01