Шудағы газ мәселесі қашан шешімін табады?

Мәкен УАҚТЕГІ

05.10.2021, 11:16

374

Шу ауданы, Төлеби ауылының тұрғыны, ауданның «Құрметті азаматы», Қазақстан журналистер одағының мүшесі, әріптесіміз Мәкен Уақтегінің жергілікті жердегі газдандыру мәселесіндегі заңсыздықтар мен қитұрқылықтар жайында айтып-жазып келе жатқанына 6-7 жылдың жүзі болды. «Айта-айта Алтайды» деп басталатын мақал құдды Мәкен қарияға арнап айтылғандай ма дерсің. Бірақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі құлақтанып, шешуді тапсырған бұл мәселе  «баяғы жартас, сол жартас» күйінде әлі шешімін таппауда. Редакцияға келген Мәкен Уақтегінің ашық хатын сәл ықшамдап, жариялауды жөн көрдік.  

2015 жылы«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨ филиалы директоры Б.Б.Мұртазаевтың көз жұма қарауымен Шу ауданының сол кездегі әкімі Б.Нұркенов және «Париев» ЖШС-і директоры К.Елемесовпен үшеуара ымыраласып қол қойып Меморандум жасасады. Осы заңсыздықтар әрі қарай жалғасын тауып, осы уақытқа дейін созылуда. Яғни, 6 жылдан бері атышулы мердігер компания әкім-қаралардың қолдауымен 21000-нан аса халық тұратын Төле би ауылы тұрғындарын газдандыруға елімізде жоқ аспандаған бағамен жұртшылықты «жас баладай» алдап келеді.

Мәселен, біріншіден,Меркі аудандық сотының судьясы Е.С. Кенбаевтың 09.02.2018 жылғы Қаулысында ашық жазғандай «Париев» ЖШС-і  Мемлекеттік тіркеуден (реестрден) өтпеген. Ал, Төле би ауылдық округ әкімі Е.Даберов серіктестік директорының орынбасары Н.Дүйсенбековпен ауыз-жаласып бағаны қайта-қайта көтеріп қымбаттатуға көмектесті. 2018 жылы мамырда халықтың келісімінсіз 5,8572 га. жер уаскесісінің мемлекеттік Актісін «Париев»ЖШС-не 3 жылға жалға сыйлады. «Сыйға-сый» керімен 2017-18 жылдары аса қымбат бағамен халық газға қосыла алмай жатқанда әкім Даберов өз отбасына қос қабат зәулім үй мен сауда дүкенін тұрғызып алды.

Екіншіден,аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаевтың 2017 жылғы 13.04. ЖТ-ҰҚ-89 нөмірімен маған жазған ресми хатында «Бағасы 1 м. 9,4 мың теңгелік құбыр 2015 жылғы қаржылық өзгерістерге сәйкес 19,4 мың теңгеге қымбаттады»,- деген. Кейін анықталғандай, осы құбыр ауылдың ешқандай көшесіне төселмеген. Тіптен, Шу қаласы мен Төле биге дейінгі 8,7 шақырымдық жоғарғы қысымды магистральды газ құбырлардың бастапқы сметалық-жобасы бойынша 3 шақырымға дейін төселетін D 315 мм. құбырлардың өздерін де 60-65 миллион теңгедей мемлекет қаржысын жымқыру жолдарымен арзан да жіңішке құбырлармен айырбастап жібергені үшін  қылмысты-іс қозғалып еді. Бірақ, бұл істі кейіннен облыстық прокуратура тарапынан жылы жабылғанын білдік.

Үшіншіден,2016 жылдың жаңа жылынан бастап, жоғарыдағы «қымбаттаған құбырларға» байланысты әр үйге кіргізілетін газ бағасын 420000 теңгеден 570,0мың  теңгеге аспандатып жіберді. Қай көшелерге D 315 мм. құбырдың төселгенін анықтауға аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаевтың өзі 2019 жылы 18 желтоқсандағы менің жазбаша сұрағыма орай, ондай құбыр пайдаланбағандықтан мердігер басшыларынан нақты жауап ала алмады. Жөнсіз көбейтілген 150 мың теңгені ауылдағы 4200 үйге шаққанда 630 миллион теңгеге айналмайды ма?!Халық өте қымбат бағамен газға қосылмаған соң, 2016 жылдың наурызында бағаны 62000 теңгеге арзандатып, амалсыздан 508000 теңгегетүсірген болды.

Осы орайда айта өтерлігі, «Нұр-Отан» партиясы төрағасының 1-орынбасары М.Құл-Мұхамедке 2016 жылы 1-қарашада көпшіліктің атынан хат жазуыма байланысты 2017 жылы сәуір айында бағаны төмендету мақсатында облыстық бюджеттен 251 млн 145,0 мың теңгебөлініп, Шу қаласы мен Төле би ауылы аралық 8,7 шақырымдық жоғары қысымды газ құбыры аудан әкімі теңгеріміне сатылып алынғанымен, бағаны арзандатпады. Яғни, бағаны бір-ақ айға 1-мамырға дейін 60000 теңгеге – 448000 теңгеге ғана арзандатып, «ҚҚС»-ын сылтаулатып, 475,0 мың теңгеге тағы қымбаттатады. Ал, жоғарыға жауапты-ақпар бергенде аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев бір жыл бұрынғы ҚҚС-мен артық белгіленген 62000 теңгені – 508000 теңге мен 475000 теңгенің нақты арзандаған айырмасы 33000 теңгені қосып, 95000 теңгеге арзандады, деп, халықпен қоса облыс әкімімен өзім бірнеше рет хат жазған Президентіміз Қ.Тоқаевқадейін жаңылдырып келеді. Шындығына келсек, базбіреулер 62000 теңгеге түскі асын ішер, қазіргідей дағдарысты қиын кезеңде көпшілікке ол айтарлықтай қаражат. Ал, 62000 теңгені  ауылдағы 4200 үйге көбейтсеңіз 260 миллион теңгеден астам қаржы емес пе?

Сонымен қатар, «Париев» ЖШСқұрылыс жұмыстарын жүргізгенде технологиялық талаптарды сақтамағандықтан 2018-19 жылдары Төле би ауылында 2-3 жерде жерасты жарылыстары болып, көптеген үйлер аязды күндері жылусыз қалды. (Жақында ғана 14 қыркүйекте орталық телеарна жаңалықтарынан Түркістан қаласында ақпан айында газдан уланып 5 адамның қайтыс болуына орай газ жүргізген мердігерлер жауапты болғандықтан сот жүріп жатқанын хабарлады...) 2018 жылдың басында 1200-ден аса ауыл тұрғындарының өтініш хатымен ауыл бойынша қолжетімді баға – 1 млрд 029 млн теңгеге«Еркебұлан и К» ЖШС-ін қабылдамақшы болғанымызда бұрынғы ауылдық округі әкімі Е.Даберовке арқа сүйеген мердігер басшылары барлық көшелерді қасақана қазып тастап, кедергі келтірді. Ал, Н.Жақсыбаев 2019 жылы 27 тамызда Жамбыл облысы әкімінің аппаратына жазған хатында: «Төле би ауылындағы газ құбырын коммуналдық меншікке сатып алуға 1 млрд 632 миллион теңге қаржының бюджеттен бөлінбейтіні белгілі болып отыр», деп жазады. Ол сол қаржыны бөлгізуге көмектескісі ақ келген. Өте қымбат, аспандаған бағаға мемлекеттен қалай қаржы қарастырылмақ?!

Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев өткен жылғы қыркүйектен бастап көгілдір отынға аспандаған бағаның кесірінен қол жеткізе алмай отырған халыққа жанашырлық танытып, құзырлы орындар арқылы тексерттіріп, ауыл тұрғындарының талабы бойынша Шу аудандық сотының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен газ тарату құбырының құрылысын қабылдау туралы «Париев» ЖШС-і Актісінің күшін жойды. Газ құбыры астындағы жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Соған қарамастан париевтіктер кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау саясатын бас пайдаларына ғана ойластырып, 5-6 жылдан бері қаржылық-сметалық құжаттарын облыс, аудан әкімдігі мен құзырлы органдарға көрсетпей, тіптен бермеуде. Соған қарағанда құжаттардың болмауы да анық. Н.Жақсыбаевтың қолдауымен  Төле би ауылы көшелеріне «төселмеген D 315 мм. бір метрінің бағасы 19,400 метрлік құбырлармен» ауылдың жалпы аумақтық газдадырылуы 1 млрд 632 млн теңгеге еселеп көбейтілген қаржысын алмай кетпейміз, деп, бұрынғы қымбат бағамен жұмыстарын әлі де заңсыз жалғастыруда. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨ филиалыбасшылары бұндай жолсыздықтарға қалайша жол беруде?

Жақында «Жас Алаштың» 16 қыркүйектегі № 75 санында шыққан «Көгілдір отын бағасы неге қымбат» атты мақалада  Талғар ауданындағы Кіші Байсерке ауылы тұрғындары газ кіргізуге 370,0 мың теңге бағаны қымбат деп келіспей, мемлекетік бағдарламамен кіргізетіндігі жайлы жазылды.

Ал Төле би ауылының ардагерлері Бердібек Машбекұлы сізге 6 қыркүйекте ауыл тұрғындары атынан қолжетімді бағамен газдандыруға көмектесуіңізді өтінген еді. Әлі жақсылық хабардан үміт күтудеміз...

Тегтер: көгілдір отын нарық баға қымбатшылық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29