Шығыс Қазақстанда 14 сәби коронавирус диагнозымен туған

Сайт әкімшілігі

18.11.2020, 17:51

951

Бүгінге дейін  Шығыс Қазақстан облысында 18 жасқа дейінгі 166 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы РСК-да өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш мәлімдеді. 

165 бала амбулаториялық деңгейде, бір бала стационарда ем-дом алуда.

Пандемияның бүкіл кезеңінде облыста жүкті әйелдерде КВИ бойынша 180 жағдай тіркелді.

Қолдағы бар мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында коронавирус 14 жаңа туған нәрестеден анықталған. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, барлық сынама-талдау сәби шыр етіп дүние есігін ашқан кезде жасалады. ПТР-тест жаңа туылған нәрестелерден коронавирустың барын растады.

COVID-19 салдарынан жүктілікті тоқтату жағдайлары болған жоқ.

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында пандемияның барлық кезеңінде 14 156 жағдай тіркелді. Өткен тәулікте КВИ бойынша 230 науқас анықталды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 09:39
Балалар еш кедергісіз білім алуы қажет
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 08:09
Ғани Мұратбаев атындағы сыйлық табысталды
Б.СӘУЛЕБЕК 17.08.2022, 18:07
Балабақшаларды лицензиялау кімдерге ұнамайды?
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 17.08.2022, 18:02
Ұлттық жобаны игеруде озықтық керек
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 16:34
Сот жүйесі уақыт сұранысына сай бейімделуде
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 14:42
«Отбасылық сот» шаңырақты шайқалтпауды көздейді

Аңдатпа


  • Түрксіб ауданының әкімін тұрғындар мәселесі қызықтырмайды
    20:17
  • Тимур қазаққа түкірді
    08:13
  • Қазынаны қанайтын емес, жарылқайтын жобаға қашан жетеміз?
    08:12
  • Шөкеевтің өтірігін әшкереледі
    08:10
  • Теңгені теңселткен рубль
    17.08.2022, 08:22