Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалып қойған 11 бала құтқарылды

Сайт әкімшілігі

01.03.2021, 13:50

1293

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өткен түні қар құрсауынан 137 адамды құтқарды. Оның ішінде 11-і бала бар,-деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше Жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Шығыс Қазақстанда күшті боран мен желдің секундына 28 метрге дейін соғуына байланысты барлық бағыт бойынша жолдар жабылды. Ал одан бұрын үйден шығып кеткен адамдар жолда қалып қойған. Әсіресе, Семей — Қарауыл, Өскемен — Семей және Семей — Алматы тасжолында жағдай нашар. 

"Өткен түнде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайларды бақылау департаменті қызметкерлері 137 адамды құтқарды, оның 11-і бала. Бұлақ ауылындағы мектепке 30-дан аса адам, төрт бала және қонақүйге 33 адам орналастырылды. Семей қаласында құтқарушылар 18 көлікті жақын елді мекендерге, 40 жолаушысы бар тағы 2 автобусты Семейге дейін шығарып салды", — деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.

Қазіргі уақытта құтқарушылар азаматтарға әлі де көмек көрсетіп жатыр. 15 жол учаскесі жабық, оның 10-ы республикалық, бесеуі облыстық маңызы бар жол.

Тегтер: ауа-райы боран төтенше жағдай қауіпсіздік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29