«Shymkent» 65 жобаны қолға алды

Сайт әкімшілігі

27.08.2020, 14:03

150

Шымкент қаласында «Shymkent»  ӘКК» АҚ-ы 65 инвестициялық жоба жүзеге асырмақ. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 100 млрд. теңгеден астам 32 жоба жүзеге асырылуда. Ал, құны 287 млрд. теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба бойынша ӘКК серіктестерімен құжаттар рәсімделуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте «Shymkent»  ӘКК» АҚ-ының төрағасы Б.Канкин мәлім етті.

Спикердің айтуынша, жобалардың басым көпшілігі білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кешені мен қызмет көрсету салаларында екен.

—2019 жылы қаланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 195 млрд. теңгені құрағанын ескерсек, тек тұрғын үй құрылысының жобалары осы көрсеткіштің өсуіне айтарлықтай үлес қосады. Сондықтан әлеуметтік кәсіпкерлік корпарация тарапынан 2024 жылға дейін шамамен жалпы алаңы 700 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр, — деді Б.Канкин.

Әлеуметтік саладағы жобалар «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының басым бағыттарының бірі екенін айтқан төраға биыл 8 700 орындық 9 мектеп пен 181 мың тұрғынды медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 6 емхана құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Беделхан ЖАНПЕЙІС 15.05.2021, 13:22
Күріш қажет пе?
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 15.05.2021, 13:12
Кентау қаласының аулалары қашан қалыпқа келмек?
Сайт әкімшілігі 15.05.2021, 10:07
Мамай мен Иманбайдың өкілдері дәлелдемелер іздеуді енді ғана бастады
Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 10:49
Сенаторлар ауылдарды аралап жүр
Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 10:44
Несібесін «Еңбектен» тапқан кәсіпкер
Миуа БАЙНАЗАРОВА 13.05.2021, 18:17
Қамбаштан бақ тайды

Аңдатпа


  • Оспан батыр
    15.05.2021, 13:02
  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09