Шымкент 78 пайыз қашықтан білім алуда

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 09:32

157

Пандемияға байланысты елімізде оқу жүйесі қашықтан оқыту форматында жүріп жатыр.

Бүгінде үшінші мегаполисте жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 1-4 сынып оқушылары мектеп қабырғасында білім алуда.

49 640 бастауыш сынып оқушысы үшін ата-аналардың өтініші негізінде 3 344 кезекші топ ашылды. Яғни білім алушылардың 22 пайызы мектепке барып жатса, қалған 78 пайызы қашықтан білім алуда.

Барлық мектептерде «Bilim Iand — Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар, барлық білім ұйымдары ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізіп жатыр.

Балалар мектепке кірмес бұрын күнделікті дезинфекциялық өткелден өтуі тиіс. Әрі қарай олардың қызуы өлшеніп, антисептик құралымен қолдарын залалсыздандырады. Сондай-ақ, өзімен бірге медициналық бетпердесі жоқ оқушыға жаңа маска беріледі.

Әр кабинеттегі бала саны 15-тен аспайды. Өзара 1,5 метр арақашықтықта қойылған әр партада тек бір ғана оқушы отырады. Кезекші сыныптардағы сабақтар әр уақытқа қойылған. Үзіліс те әртүрлі уақытта болып жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 09:28
Төтенше жағдай: "АрселорМиттал Теміртау" цехында шатыр опырылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.01.2021, 17:30
Қарағанды облысында карантин күшейеді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.01.2021, 17:00
Семейді қыстан сақтауға "қолы қойылмаған" Сақтағанов келді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?

Аңдатпа


  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32