Шымкент 80 пайыз сапалы интернетпен қамтылған

Сайт әкімшілігі

25.08.2020, 11:04

154

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досан Әлібековтің айтуынша, үшінші мегаполистің білім саласы биыл толық цифрлы жүйеге көшті. Балалардың онлайн режимде сабақ алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде.

– Білім саласы – ең маңызды әлеуметтік саланың бірі. Биыл білім саласы толық автоматтандырылды. Балаларды білім ұйымдарына қабылдау толық электронды форматта жүзеге асты. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау, отбасы және балаларға қатысты қызметтер, тағы басқа қызметтер толық автоматтандырылды.Қала аумағын жоғары жылдамдықты және қуатты интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде 11 базалық станция орнатылуда. 11 орын бойынша да қалада заңдастыру жұмыстары аяқталды. Шымкент қаласының аумағына кіретін барлық шалғайдағы елдімекендерді жоғары сападағы интернетпен қамту үшін қосымша 43 нүктеге талдау жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек, қазан айларында базалық станциялардың жұмысын іске қосу жұмыстары аяқталады, – деді Досан Биназарұлы.

Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласы сапалы интернет жүйесімен 80 пайыз қамтылған. Ал орнатылып жатқан базалық станциялардың жұмысы аяқталған сәтте бұл көрсеткіш 100 пайызға жетпек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29