Шымкент Бұхарамен меморандумға қол қойды

Сайт әкімшілігі

26.10.2020, 10:03

160

Шымкент қаласының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласының әкімдігі арасында туризм саласын дамыту мақсатында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Бұқара қаласы әкімінің орынбасары Камал Давроновпен бейне-байланыс арқылы тілдесіп, келісімге қол қойды.

Аталған меморандум екі жақты достық қарым-қатынасты нығайтып, алдағы уақытта туризмді дамытуда бірлесе жүйелі шаралар қабылдауға септігін тигізетін болады. Меморандум шеңберінде пандемиядан кейінгі кезеңде ортақ туристік өнімдер әзірлеп, оларды ішкі және халықаралық туристік нарыққа таныту, жарнамалық-маркетингтік компаниялар жүргізу және екі өңірдің туристік индустриясын дамытуда тәжірибе алмасу жоспарлануда.

Сонымен қатар, меморандумды жүзеге асыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29