Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

19.01.2022, 15:33

1458

 

Террористер, бандиттер, содырлар. Қаңтардағы оқиғаларда  тым белсенділік көрсеткендерге қазір осындай ат таңылып жатыр. Терроршылар Шымкентте де болды ма? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Бірақ қалалық әкімдік Шым қалада 4-5 қаңтарда болған оқиғаларға «лаңкестік және жаппай бұзақылық әрекеттер» деген баға беріп отыр.

 

Қазір мегаполисте жағдай тұрақты. Осыған орай, Бәйдібек би даңғылы, С.Бәйтереков, Ұ.Арғынбеков атындағы орталық көшелерге қойылған онға жуық тосқауыл бекеттері алынып тасталды.  Жергілікті шенеуніктер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау үшін алашапқын болып жүгіріп жүр. Әсіресе бағаны ауыздықтау бағытындағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Атқамінерлердің мәлімдеуінше, қаладағы азық-түлік қоры жеткілікті. Соңғы тәуліктерде мегаполистегі коронавирус індетіне қатысты жағдай ушығып тұр. Қала «қызыл аймаққа» өтті.

Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздіктер қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні басталды. Қалалық әкімдіктің алдына жиналған мыңдаған азаматтар полицейлерге қарсылық көрсетіп, осындағы біраз нысандарды талқандап  кетті. Әкімдіктің алтыншы қабатына дейінгі бөлігі ойрандалды. Осы түні тәртіп сақшыларына тиесілі 59 көліктің бүлінгені айтылды (олардың кейбірі өртелген). Ертеңіне күзет күшейтілді. Қолдарына сапер күрек, қалқан ұстаған әскерилер әкімдікті қоршап тұрды. Бірақ түн ішінде қалада тағы да бүлік басталды.

Қалалық әкімдіктің таратқан ақпаратына қарағанда, содырлардың негізгі мақсаты әкімдік ғимаратын басып алу болған. Олар «Түркістан» сарайы, «Көрме» орталығы,  Ж. Шанин атындағы драма театрына зиян келтірді. Оның ішінде, «Көрме» орталығы қатты бүлінді. Одан бөлек тонаушылар «Метро» сауда орталығына басып кіріп, барлық спирттік ішімдіктер мен энергетикалық сусындарды алып кеткен. Сауда орталығының ішін қиратып, екі жерде өрт шығару әрекетіне барған және банкоматтарды тонаған. Сол күндері лаңкестер көптеген полиция автокөлігі мен қоғамдық автобустарды жағып жіберген.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов зардап шеккен нысандардың барлығын аралап, материалдық шығындарды анықтау үшін құрылған арнайы комиссияға нақты тапсырмалар берді. Шығын мөлшері 10 күн ішінде есептеліп бітуі тиіс.

Өткен аптаның соңында Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Қала әкімі дағдарыстық жағдайдың тұрақталғанын, дегенмен қауіп толық сейілгенше, мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті нысандардың күзетілуіне баса назар аудару керегін айтты.

Ресми мәліметтерге қарағанда, Шымкент қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап, 3 520 адам полиция департаментіне жеткізіліп, бүгінгі күні 261 құқық бұзушылық анықталды. Ол азаматтардың 223-і бойынша қамауға алу, 19-ына айыппұл салу және 19-ына ескерту беру туралы шешім қабылданды.

Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша  57 азамат абақтыға қамалды. Күдіктілерден оқ ататын қарулар, оқ-дәрілер алынған.  Сондай-ақ тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының «Апорт» сауда орталығынан ұрланған 23 дана «iPhone 11-PRО» маркалы және «Samsung А-25» маркалы 3 телефон тәркіленді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында 48 полицей әртүрлі жарақаттар алып, 91 автокөлік зақымданған, оны ішінде 8-і өртенген.

Әзірге оқиға кезінде қанша адамның қайтыс болғаны туралы ресми мәліметтер жоқ. Бұған дейін әлеуметтік желіде және кейбір ақпарат құралдарында Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктер кезінде онға жуық азаматтың қаза тапқаны айтылған болатын-ды.

Тегтер: лаңкес қауіп қатер терроризм соғыс қантөгіс мемлекет халық әлеумет қоғам пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56