09.10.2020, 09:30
416
Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Шымкент қаласының сыйы – ғылыми-әмбебап кітапхананың бүгінде сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кітапханада 250 мың кітап қоры болады. Оқу залы 392 орынға лайықталған. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8414 шаршы метрді құрайды.
Кітапханада біршама технологиялық шешімдер қарастырылған. Мәселен, келуші экранды басып, қажетті кітапқа тапсырыс бере алады, содан кейін автоматтандырылған жүйе конвейер арқылы оны қоймадан жеткізіп береді.
Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуін қала әкімі Мұрат Әйтенов өзінің жеке бақылауына алған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР