Шымкентке дәрі-дәрмек жеткізілді

Сайт әкімшілігі

23.10.2020, 08:04

548

Шымкентте тұрғындарды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты.  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен Үкімет отырысында дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

Бүгінде жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарттар жасалған. Бірыңғай дистрибьютормен 6,2 млрд. теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді.

Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптасты. Атап айтқанда, 2,1 млрд. теңгеге дәрілік заттар; 90 645 жеке қорғану құралдары жиынтығы; 3 219 121 дана медициналық бетперде және 864 499 дана медициналық қолғап алынды.

Қаладағы дәріханалар, дәрі-дәрмектер қоры мен бөлшек сауда бағаларына сәйкестігіне қарай мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қала дәріханаларында 1,7 млрд.теңге көлемінде COVID-19 індетін емдеуге арналған дәрі-дәрмек қоры бар. Одан бөлек, 6,3 млн. медициналық бетперде қоры құрылған. Қалада орналасқан 2 өндірушінің өндірістік қуаты тәулігіне – 200 000 бетперде.

Материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қалаға қосымша 282 ИВЛ алынып, ИВЛ саны 612 бірлікке жетті. Жаңадан 121 жедел жәрдем автокөлігі жеткізілді.

Қорыта айтсақ, қалада медицина мекемелері дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық бұйымдармен толық қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, қала тұрғындарына Covid19shymkent.kz сайты іске қосылды. Онда әр тұрғын қала дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29