Шымкентте «1000 сауда орны» жобасы басталуда

Сайт әкімшілігі

20.08.2020, 10:47

169

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаладағы әлеуметтік саладағы құрылыс мәселесі жөнінде жиын өтті. Онда салаға жауаптылар қазіргі таңға дейін атқарған жұмыстары жайлы қала әкіміне баяндады.

 «Shymkent» ӘКК»  АҚ  төрағасы Бауыржан Канкиннің айтуынша, осы күнге дейін жоспарланған 66 жобаның 32-сі жүзеге асқан.

Алайда қала әкімі кейбір жұмыстарға көңілінің толмайтындығын білдірді.

«Кәсіпкерлер менімен кездесу кезінде қағазбастылық жұмыстарына наразылықтарын білдіреді. Ондай жұмысты жеңілдету үшін бір терезе қағидаты бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсететін арнайы фронт-офис ашқан болатынбыз. Жергілікті кәсіпкерлердің сол жерде барлық сұрағы қанағаттандырылып, кәсібін бастауға толығымен көмек алуы қажет еді. Бүгінде аталған мекеме жұмысының нәтижесі көрінбейді» — деді ол.

Сондай-ақ, жиын соңында қала әкімі инвесторлар есебінен пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін жылына 1 млн шаршы метрге дейін ұлғайтуды, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен бірлескен бағдарлама әзірлеуді, «1000 сауда орны» жобасын іске асыруды жеделдетуді тапсырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29