Шымкентте агро-индустриалды аймақтың құрылысы басталды

Сайт әкімшілігі

15.09.2020, 16:56

568

Шымкент қаласындағы «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағындағы іске асырылатын жылыжайлардың құрылысы басталды. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов және жеке инвесторлар мен шаруақожалық иелері қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған агро-индустриялды аймақ Абай ауданындағы сауда-логистикалық орталық маңында орналасқан. Аумағы 136 гектарды құрайды.  Жылыжайлардың құрылысы 2 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда І–кезеңде 2020 – 2021 жылдар аралығында 30 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады.

9,4 миллиард теңгені құрайтын бұл жобаны «Taza Onim» ШҚ, «AIDI Agro Trade» ЖШС, «Колесников» ЖК, «ASM Corporation» ЖШС, «High Yield» ЖШС, «Татыбаева» ЖК, «Каз Агро Трэйд» ЖШС, «Nur Alem Agro» ЖШС секілді инвесторлар жүзеге асырады.

Ал ІІ – кезеңде 2022 – 2025 жылдар аралығында 60 гектарға өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргзіледі. Онда 20 жоба жүзеге асырылатын болады. Жобаның жалпы құны — 21,0 млрд теңге.

Аталған жылыжай кешендері толығымен іске қосылғанда бір мыңнан аса адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02