Шымкентте алғаш рет стент-графт орнату отасы жасалды

Сайт әкімшілігі

07.10.2020, 09:32

237

Шымкентте алғаш рет жүрек тұсында ахауы бар науқасқа стент-графт орнату  отасы жасалды. Күрделі операцияны Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының дәрігерлері Арипов Марат пен Землянский Виктор  жасады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Білікті мамандар операция кезінде қолқа аневризмасы және кеуде аневризмасы бар  екі науқасқа хирургиялық жолмен  стент-графт  орнатып берді. Қолқаның саңылауын қалыпқа келтіретін түтікше медицинада стент-графт деп аталады.

Мұндай ауру жүрек қан тамырларының асқынуынан пайда болады. Жүрек тұсындағы тамырларда пайда болған ахауды емдеу үшін дәрігерлер науқастарды Нұр-Сұлтан қаласына арнайы жолдамамен жіберетін. Енді бүгінгі тәжірибе алмасу отасы нәтижесінде олар білікті мамандардан стенд-графт орнату операциясын меңгерді. Жергілікті мамандар мұндай отаны енді өз бетінше атқара алатынын айтуда.

Дәрігерлердің айтуынша, стент-графт орнату — аорта аневризмасымен ауыратын науқасты емдеудің ең тиімді әдісі. Науқас алдын алу үшін ұзақ уақыт бойы дәрігердің көмегіне жүгінбейді.

Айта кетейік, мұндай операцияның түрі медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде елдің әрбір азаматы үшін ақысыз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 28.01.2022, 21:08
Бұрынғы атауы қайтарылсын!
Сайт әкімшілігі 28.01.2022, 09:31
Түркістан облысындағы экономиканы жаңғыртудың бүгіні мен келешегі
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 17:08
Павлодарлық полицейлер басшылықтан қашанғы қысым көреді?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 16:13
Ауылды «еститін Үкімет» қайда?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48