25.08.2020, 12:31
191
Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды. Оған «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Рейдтің негізгі мақсаты – заңға сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу, келеңсіз жағдайлардың алдын алу еді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 28 әкімшілік хаттама толтырылып, 70 тұрғынға ауызша ескерту салынды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР