Шымкентте бірнеше нысан пайдалануға беріледі

Сайт әкімшілігі

24.11.2020, 17:02

148

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен әкім орынбасары Мәулен Айманбетов  қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі дендросаябақта болып,  абаттандыру мен жарықтандыру жұмысымен танысты. Қала орталығында орналасқан дендросаябағын замануи талапқа сай жаяу жүргіншілер жолы мен вело жол аймағын біріңғай стильмен тұрғындарға қосымша демалыс орындары салынуда. Желтоқсан айында  ел игілігіне берілгелі  тұрған бұл нысанда қазір құрылыс жұмысы қарқын алған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  мұнан кейін қала әкімінің орынбасары әуежайдағы жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысын көрді. Жоба үшін 874,5 млн қаржы қаралған. Терминал аумағында 468 көлікке арналған тұрақ,  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 8 тұрақ және өзге де қызметтік автотұрақтар мен бақылау өткізу пункті іске қосылады. Осы жылдың наурыз айында басталған құрылыс-монтаж жұмысы желтоқсан айында пайдалануға беріледі.  

Келесі жаңарту және абаттандыру жұмысы жүріп жатқан нысан — Шымкент қалалық зообағы. Зоологиялық баққа атбасын бұрғын Мәулен Зарлықұлы қайта құрылып жатқан жобаның жұмысымен танысты. Мұнда 10 аюға арналған павильон,  16 қасқыр мен 4 ірі, 2 кіші гиббондардың павильондары жаңаруда. Сондай-ақ, көлдің құрылысы мен абаттандыру жұмысы жүргізіліп отыр. Бұл жоба үшін 891,01 млн қаржы бөлінген. 

 Одан кейін әкім орынбасары «Тұран» шағын ауданын ауыз сумен қамту мақсатында құрылысы жүріп жатқан 4 нысанның жұмысын көрді. Екі нысан осы жылдың соңында пайдалануға берілсе, екі нысан 2021 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, М.Айманбетов қалада құрылысы аяқталуға таяған нысанның бірі АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясының құрылыс жұмысымен егжей-тегжейлі танысты.

Бүгінде станция құрылысының 80 пайызы аяқталған. Жыл соңында нысан іске қосылса қала халқы толық сапалы табиғи газбен қамтылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 09:00
49 миллион теңгенің алтынын әкеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.11.2021, 11:42
Елордалық дәрігерлер Түркістанға келді

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30