Шымкентте биыл 54 егіз дүниеге келген

Сайт әкімшілігі

07.09.2020, 08:28

484

Шымкент қаласы демографиялық көрсеткіштер жағынан республикада алдыңғы қатарда тұр.  Қалада туылған бала саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл сегіз ай ішінде мегаполисте 21 168 сәби дүниеге келген.

АХАТ бөлімінің басшысы Ақбота Қарнақбаеваның айтуынша, сегіз айда шаһарда 54 егіз нәресте дүние есігін ашқан.

«Осы жылы ұлдар арасында ең көп кездесетін есімдер – Нұрислам және Нұрилан, ал, қыздарға көбіне Сафия және Раяна есімдері қойылып жатыр», — дейді Ақбота Жұмабекқызы.     

Сондай-ақ, мамандардың мәліметіне сүйенер болсақ, бұл жылы 8 айда заңды түрде 3 605 неке қиылған. Ал, 643 жұп ажырасқан. Бұл өткен жылдың есепті кезеңмен салыстырғанда ажырасудың үш есеге азайғанын көрсетеді.

Сонымен қатар, АХАТ бөлімі 8 айда 26 бала асырап алу құжатын рәсімдеу, 140 тегін өзгерту, 4 965 қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге алу, 112 қалпына келтіру, 3 452 қайталап куәлік беру жөніндегі жұмыстарды атқарған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32