03.09.2020, 07:56
155
Шымкентте қоршаған ортаны қорғау, білім және денсаулық сақтау саласы басты назарда. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов жуырда әкімдікте өткен жиында мәлім етті.
–Шымкент қаласы көше бойындағы биік ағаштармен және арықтарда сылдырлап ағып жататын суымен ерекшеленетін. Қазір қала өскен сайын ағаш саны азайып, көлеңке тарылып кеткен секілді әсер қалдырады. Жалпы, қала аумағында 14 784 гектар жер телімінде 6 миллионға жуық ағаш пен көпжылдық бұтақтар бар. Бұл – өте аз. Орынбасарым Исахов Мақсұт Пернебайұлына аудан әкімдерімен бірлесіп, қаланың жасыл-желек қорына ревизия жасап, жаңа көшелердің бойына су жүргізіп, ағаш егудің бес жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырамын, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Жиында қала басшысы сондай-ақ, білім және денсаулық саласын дамыту маңызды басым бағыттардың бірі екендігін, шаһарда медицина кластерін қалыптастыруға барлық жағдай бар екенін атап өтті.
— Бұдан былай, денсаулық сақтау саласы басты назарда болады. Биыл саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6 миллирд 660 миллион теңге қаралып отыр. Жалпы, Шымкентте медицина кластерін қалыптастыруға барлық жағдай бар, – деді М. Әйтенов.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР