Шымкентте сүт өнімдері артып келеді

Сайт әкімшілігі

14.11.2020, 13:40

192

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы, оның ішінде сүтті бағыттағы ірі қара өсіру қарқынды дамып, сүт өнімінің көлемі артып келеді. Өткен жылдың 9 айында сиыр сүтінің көлемі-36 987,0 тонна болса, биыл 38 259,3 тоннаға жетіп, 3,4 пайызға артты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы бағыттағы шаруашылыққа мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруаның бірі Каримжан Эгамназаров. Қаладағы сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара өсіріп отырған жалғыз қожалық осы ЖК «Эгамназаров» шаруа қожалығы.

Өткен жылдың қараша айында Голландиядан әкелінген 35 бас асыл  тұқымды «Голштин» ірі қара малының аналық басынан сүт алуды бастаған қожалық биыл Венгриядан тағы 35 асыл тұқымды ірі қарамен көбейтіп отыр.

Қазір қожалықтағы 70 бас асыл тұқымды ірі қараға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, 16,1 млн. теңге субсидия берілген.

–Шеттен әкелген асыл тұқымды ірі қара малдың  көбі төлдеді. Алдағы уақытта шаруашылық қора-жайын кеңейтіп, сүтті бағыттағы мал басын көбейтуді жоспарлап отырмыз,-дейді кәсіпкер.

Заманауи технологиялармен жабдықталған фермада бір сауын сиыр тәулігіне 24 литр сүт береді. Ал қожалық жылына 600 тонна дейін сүт өндіруге қауқарлы. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51