Шымкентте той өткізу тоқтамай тұр (видео)

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

08.02.2021, 13:42

1301

Шымкент қаласында отбасылық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынғанына қарамастан той тойлау тоқтамай тұр. Соңғы уақытта мегаполисте коронавирус жұқтырғандардың көбеюі, эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі де тойшыл халықты ойландырмаған сыңайлы. Қазір  шымкенттік тәртіп сақшылары той-жиын өткізушілерді анықтау, тиісті жауапқа тарту шараларына белсене кірісуде.

Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 ақпанда Абай аудандық Полиция басқармасының инспекторлары «Мұса» тойханасында той болып жатқанын анықтаған. Полицейлер мерекелік іс-шараны тоқтатып, тойға келген 200-ге жуық адамды үйіне қайтарды. Тойхана иесін карантин режимін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында әкімшілік іс-құжаттарды жинақтап, Абай ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдап, айыппұл салынды. Ал Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кезінде «Ғажайып» тойханасында үйлену тойының өтіп жатқанын анықтады. Той ұйымдастырушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425–бабымен (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу)  іс-құжаттар жинақталып, Әл-Фараби аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ,  Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралардың барысында «Нұр Әлем» тойханасында тұрғындардың той өткізіп жатқанын анықтады. Мобильді топ өкілдері нысанға тосыннан кірген сәтте жиында 100-ден аса адам болған.

Шымкенттік полицейлер тұрғындарды карантин кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақыруда. Айта кетері, карантин режимі енгізілгелі бері Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлері және арнайы құрылған мобильді топтар жұмыс істеуде.

Тегтер: карантин шектеу коронавирус тыйым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48